Жезқазған-Қарағанды пойызының жолсеріктері жүкті әйелді босандырды

Аймақтар
21.07.2021, 11:57
Осы аптада «Қала маңы жолаушылар пойызы» АҚ-ға қарасты Жезқазған-Қарағанды пойызының жолсеріктері жүкті әйелді босандырып, тағы бір қуанышты хабардың себепкері болды. Жезқазғандық тұрғын Екатерина Феттер жүктілігінің сегізінші айында Қарағандыға босануға кетіп бара жатқан екен. Алайда аталған пойызға мінгеннен кейін жарты сағат өткен соң әйелдің толғағы басталып кеткен. Бұл туралы дереу пойыз бригадасына хабар беріліп, пойыз бастығы Бақтияр Әбдірайымов жүкті әйел келе жатқан №3 плацкарт вагонға келіп мән-жайды анықтайды. Оның айтуынша, әйел осымен үшінші баласына жүкті екен және босану бойынша қиындықтары болғандықтан облыс орталығы Қарағандыға келе жатқан. Көрші вагонда әйелді облыс орталығына ертіп бара жатқан акушерка болған. Ішіндегі баласына 8 ай болған әйелдің толғағы аяқ асты басталғасын купеде босандыруға тура келген.
 - Жезқазғаннан жедел жәрдем артымыздан жіберілді. Олар әйел мен акушерді ең жақын Теректі деген бекетке қалдырып кетуді айтты. Бірақ маған бұл жолдың бойындағы елді мекендердің жағдайы мәлім болғандықтан ол шешіммен келіспедім. Теректі деген 5-6 үй ғана отырған шағын ауыл болатын, ол жерде әйел жедел жәрдем келгенге дейін босанып қалар болса, ешқандай жағдайы да, емдеу мекемесі де жоқ болатын. Сөйтіп бірден шешім қабылдап, акушерге зор сенім білдіріп, қасына көмекке теміржолда 26 жылдық тәжірибесі бар Зәуреш жолсерікті қосып, өздерінің босандырып алғаны жөн екенін айттым. Әйелді қызметтік жолсеріктер купесіне әкеліп, медициналық қобдиша, таза төсек орын беріп, бар жағдайын жасадық. Сөйтіп акушер мен жолсерік босандырып, мен есіктің сыртында ешкімнің келмеуін қадағалап тұрдым. Бір сағаттай толғатып, салмағы 1,5 келі болса да дүниеге дені сау ұл келді. Өзім де 4 баланың әкесімін. Бірақ өмірімде мынадай кішкентай сәбиді бұрын көрмеппін, осылай бәрі сәтті аяқталғанына қатты қуандық. Біздің тәжірибемізде әйелді жолда босандыру бірінші рет, - дейді пойыз бастығы.
Жеңіс станциясына келгенде жас босанған әйелді баласымен бірге жедел жәрдем бригадасы алып кеткен. Олар станциядағы перзентханаға жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілген.  Балаға Данил деген есім берілген. Пойыз жолсерігі Зәуреш Түсіпованың айтуынша, бәрі аяқ астынан болған.
«Баланың кіндігін кескенде, қобалжығаным сонша өзім босанғандай күй кештім. Купеден шыққанда қобалжығаннан қолдарым дірілдеп кетті. Ең бастысы -  бала аман, әрі дені сау болып туылды», - дейді Зәуреш Түсіпова.
Босанған әйел де жолда босанудың оңай емес екенін айтады. «Бірінші кезекте баламды уайымдадым. Оның жағдайы қалай болады деп қорықтым. Бірақ бәрі сәтімен болды. Қазір осы пойыздың барлық қызметкерлеріне шексіз алғысымды білдіремін. Олар мынадай қиын жағдайда мені жалғыз қалдырмай, қолдан келген көмекті берді. Ұлым өскенде оның қалай дүниеге келгенін айтып беретін боламын, - деп жымияды Екатерина  Феттер. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде баланың жағдайы жақсы. Бала өздігінен дем ала алады. Жақында олар перзентханадан  шығып, отбасымен, асыға күтіп отырған баланың әкесімен қауышады. Туғанына 1 аптадан асқан сәбидің кіндік ата-анасы болып кеткен жолсеріктер олармен әлі де хабар алысып, хал сұрасып тұрады екен. Міне, осылайша корпоративтік құндылық басты қағидасына айналған теміржолшылар ұлттық компанияның атын тағы да асқақтатып, өздерінің қызметтік қана емес азаматтық жауапкершіліктерінің жоғары екенін көрсетті.
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады