Бадамнан Маңғыстауға 4 вагон шөп жіберілді

Аймақтар
23.07.2021, 10:44
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам станциясынан Маңғыстау облысына 5 мың бау, яғни 110 тонна шөп тиелген 4 вагон шөп жіберілді. Бұл игі іс-шара «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының үйлестіруімен, Ордабасы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Батыстағы қуаңшылық бүкіл елді алаңдатты. Оның ішінде Түркістан облысының тұрғындары да шама келгенше әрекет етіп, көмегін жолдап жатыр. Бұл ретте отаншыл жас Құрмет Талапқазының бастамасы қоғамға қозғау салғанын айта кеткен жөн. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің атсалы- суымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен келісім жасалып, логистика мәселесі шешілгені белгілі.Ордабасы ауданының жанашыр азаматтары, белсенді тұрғындары ұсынған көмек Маңғыстау облысына жіберіліп отыр. Шөпті жинауға және артуға ауданның еріктілері, белсенді азаматтары, жасотан- дықтар және өзге де жанашыр жандар көмек көрсетті. Бадам станциясынан жолданған мал азығы Маңғыстау облысының Шетпе, Құрық және Жетібай станцияларына жеткізіледі. Ол жақта көмекті күтіп алып, үлестіретін азаматтар бекітілген.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?