Маңғыстау станциясындағы желілік полиция қызметкерлері ұйымдастырған жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде елімізде заңсыз жүрген шетел азаматтары анықталып, соттың шешімімен өз елдеріне қайтарылды. Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімшесі берген ақпаратқа сәйкес, «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шара барысында халықаралық және республикалық қатынастағы жолаушылар пойыздары келген және тұрған уақытта, перрондарда, темір жол вокзалдары мен нысандарында жақын және алыс шетел мемлекеттерінің азаматтары арасында ҚР көші-қон заңнамаларын сақтау бойынша тексеріс, алдын-алу шаралары іске асырылды. Нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзуы, азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін де елден кетпеуі фактілері тіркелді. Барлығы 14 шетелдік ҚР ӘҚБтК-ң 517 бабы 4 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аталған дерек заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданып, соттың қаулысымен 10 шетел азаматы Қазақстаннан тысқары шығарылған. Олардың үшеуі Өзбекстанның, қалғаны Түркияның азаматтары екен.
Маңғыстауда заңсыз жүрген өзбектер мен түріктер елден шығарылды
Оқуға 1 мин
Шахида Жұман
Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші