Семейлік үздік теміржолшыларға сый-сияпат жасалды

Аймақтар
03.08.2021, 11:40
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар үшін биылғы кәсіби мереке ерекше есте қалар жағдайлармен толыға түсті. Пойыз қозғалысындағы қауіпсіздік пен жүк тасымалындағы ерен еңбектері еленген бірқатар сала мамандары түрлі марапаттар иеленіп, құрметке кенелді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Бөлімшенің мәжіліс залында өткен шағын мерекелік салтанатта бөлімше басшысы Сиязбек Әлішев отандық теміржол саласының бүгінгі жеткен биігі жайлы сөз қозғап, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы шығыстағы жетістіктерге де тоқталды. Сонымен қатар, осы орайда еселі еңбектерімен танылып жүрген бірқатар әріптестерін атап өтіп, биылғы жылы Семей ЖТ бөлімшесінің төрт бірдей қызметкері «Құрметті теміржолшы» атанғанын қуанышпен жеткізді. Олардың бәрі абырой мен құрметке лайық. Мәселен, алғашқы еңбек жолын қатардағы жолшыдан бастап Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы деңгейіне дейін көтерілген Айдын Шәукежанов, вагон шаруашылығының білікті маманы, бөлімше бойынша кәсіподақ төрағасы Алик Досанов сынды әріптестері үшін барша теміржолшылар қол соғып, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, тағы да бірқатар теміржолшылар бөлімше басшысының қолынан түрлі марапаттар алды. Мәселен, Болатқали Баймұханбетов «Кәсібі бойынша үздік» атанса, Бақытжан Шинжина «Үздік маман» атағын алды. Санитарлық-эпидемиологиялық талап-ережелер сақталып өткізілген жиыннан соң барлық теміржолшылар бөлімше ауласында естелік фотосуретке түсті.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті