Еңбегі еленген ақтөбелік теміржолшылар марапатталды

Аймақтар
03.08.2021, 11:44
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шараға пандемияға байланысты биылғы жылы марапат алған теміржолшылар ғана шақырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Сала қызметкерлерін төл мерекемен құттықтаған Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Серғали Жайлаубай қос бірдей теміржолшының омырауына «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін тақты. Теміржол саласында ұзақ жыл еңбек еткен Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Сәндібек Аманбаев пен Қандыағаш белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Мақсұт Мұрсал Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен «Құрметті теміржолшы» атанды. Сонымен қатар, салтанатты шарада «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма басшысының бұйрығымен Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі техникалық бөлімнің бас инженері Роза Айбасова, Ақтөбе локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Серікқали Үмбетов, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі тасымалдауды ұйымдастыру орталығының пойыз диспетчері Дәрібай Бижанов, Ақтөбе ЖТ бөлімшесі қозғалыс қауіпсіздігі нормативті-техникалық құжаттарын өңдеу бөлімінің жетекші инженері Түгелдес Борамбаев, Ақтөбе жол дистанциясының жол монтері Айбек Құлшымбаев «Адал еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Салтанатты шара теміржол көлігі кешенінде ұзақ жыл еңбек еткен теміржолшыларға «Үздік маман», Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарды табыстаумен жалғасты.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды