Жамбылдағы әскерилендірілген темір жол күзеті жартыжылда 13 ұрлық-қарлық фактісін анықтады

Аймақтар
10.08.2021, 11:22
Асхат Райқұл

Әскерилендірілген темір жол күзетінде кілең сайдың тасындай іріктелген азаматтар жұмыс істейтініне көз жеткізуге болады. Темір жолмен тасымалданатын жүк пен жолаушы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол бойында тәртіп бұзушылық пен ұрлық-қарлықтың жолын кесіп қадағалайтын, бақылайтын қызмет иелері арнайы техникамен жарақтандырылған, қару-жарақпен де қамтылған. Күзет қызметінінң Тараз қаласындағы филиалына ат басын бұрғанымызда мұндағы жұмыс кәдуілгі әскерден еш кем емес екеніне көз жеткіздік. Филиал директоры Еркін Мүсілімовтің айтуынша, ұжымда 400-ден астам азамат еңбек етеді. Олардың әрқайсысы жұмысқа қабылданатын кезде жіті медициналық тексерулерден өткен, физикалық, психологиялық тұрғыдан мүмкіндіктері зерттелген. Өйткені, қатаң тәртіп пен зор жауапкершіліктен қашпайтын мамандар ғана «мұндағы аттың жалы, түйенің қомында» жүретін жұмысқа шыдас береді.

«Әскерилендірілген жүйе болғандықтан бізге Отан алдындағы борыштарын өтеп келген, әскери салада ысылған жігіттер керек. Миллиондаған тонна жүктер мен мүліктерді күзету оңай жұмыс емес, күзетшілер түрлі күрделі ахуалмен бетпе-бет кездесуі мүмкін. Сондықтан күнделікті жаттығу, психологиялық, физикалық дайындықты шыңдау – жұмысымыздың ажырамас бір бөлшегі, бізде, шын мәнінде, жүк және жолаушы қауіпсіздігі үшін күнделікті күрес жүріп жатады», – дейді филиал директоры Еркін Түгелбайұлы.

Күзет қызметкерлерінің төтенше оқиғалармен бетпе-бет келетін кездері, расымен, аз емес екен. Мәселен, үстіміздегі айдың 21-жұлдызында кешкі сағат 20.00-де Тараз станциясындағы аспалы көпір маңында күзетшілік міндетін атқарып тұрған атқыштар командасының күзетшісі А.Искаков өтіп жатқан №2 208 жүк құрамының бос кетіп бара жатқан 13-ші вагонынан адамның сұлбасын байқап қалады. Күзетші дереу команда бастығы А.Пирмановқа хабар берген. Ол өз кезегінде Түрксіб атқыштар командасының бастығы Қ.Мадалиевті бұл жағдайдан хабардар еткен. Аталған жүк құрамы кешкі сағат 21.55-те Түрксіб станциясына келіп үшінші жолда тоқтайды. Станциядағы желілік полиция бөлімшесі қызметкерінің қатысуымен вагонды тексере барғанда, вагон ішінен шынымен беймәлім күдіктіні қолға түсіреді. Оған қатысты жедел хаттама толтырылып, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 1975 жылы туған азамат қауіпсіздік қызметіне тапсырылады. Күзет қызметі үшін әсіресе ұрлық-қарлық оқиғаларының алдын алу, қылмыстың жолын алдын ала кесу маңызды шаруалардың бірі саналады. Теміржол көлігіндегі ұрлық-қарлықтың алдын алу бойынша жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ұрлық оқиғасының 13 дерегі ашылып, 17 адам істі болып, желілік полиция бөлімшелеріне тапсырылған. Жедел әрекет ету тобы ұрлықтың алдын алу бойынша 310 шара ұйымдастырып, жүк пойызына 40 рет жасырын бақылау жүргізіпті. Нәтижесінде 157 адамға теміржол бойындағы ережені бұзғаны үшін ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бұл бағыттағы жұмыстарды үнемі жүргізу маңызды, өйткені, ақпараттандыру шараларының арқасында көптеген төтенше оқиғаның алдын алуға болады дейді.

«Тұрғындардың арасында өз өміріне бей-жай қарайтындар жетеді. Сондықтан мамандары- мыз жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ескерту жұмыстарын да тұрақты жүргізіп келеді. Темір жол аумағында ескертпе белгілер орнатылған. Мәселен, «Сақ болыңыз!», «Өміріңізге қауіпті!», «Теміржолдан белгіленген арнайы өткел жолдан өтіңіз!», «Берегись поезда», «Железная дорога – зона повышенной опасности!» делінген баннер-тақтайшалар әр станцияда, халық көп жүретін жерлерге ілінген», – деп түсіндірді Еркін Мүсілімов.

Күзет сарбаздарының ауыр да жауапты еңбектері ескерусіз қалған емес. Биылғы кәсіби мереке қарсаңында Тараз атқыштар командасының күзетшісі А.Батыршаев «Құрметті теміржолшы» атағын еншілесе, Шу станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі Е.Қилыбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Тараз станциясы атқыштар командасының күзетшілері С.Бурабаев пен Е.Нұрханов, Сарышаған станциясының атқыштар командасының күзетшілері Ө.Ахметов пен Е.Ибраимов, Шу станциясының атқыштар командасының күзетшілері Р.Самбетов пен Н.Рысбаев, Тараз станциясының күзетшісі Ғ.Ақылбеков пен Шу станциясының күзетшісі А.Толыбаев, Түркісіб станциясының атқыштар командасы күзетшілері Б.Сүлейменов пен М.Байгулов Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі бастығының арнайы грамотасын иеленді.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?