Ақтөбедегі өрттің кесірінен пойыздар 3 сағат кешігуге мәжбүр болды

Аймақтар
13.08.2021, 10:14
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы аумағында екі күнге созылған далалық өрт теміржолға да қауіп төндірді. Қауіпсіздік үшін жолаушылар пойызы екі сағатқа кідіруге мәжбүр болды. Облыстық төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, дала өртінің ауданы 15 мың гектарды құрады. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Адами фактор болуы да мүмкін. Ақтөбенің Әйтеке би және Хромтау аудандары аумағында болған дала өртін сөндіру жұмыстары екі күнге созылды. Дала өрті теміржолға да қауіп төндірді. Оқиға 6 тамыз күні таңғы сағат 6:00-де Жоса-Құдықсай телімі бойынша теміржолға өрт қаупі төніп келеді деген хабарлама түскен сәттен басталды. Ақтөбе жол бөлімшесінің бұйрығымен тез арада Әйтеке би өрт сөндіру пойызы оқиға орнына жөнелтілді. Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Әділ Құбаевтың айтуынша, белгіленген уақытта Жоса станциясына келген өрт сөндіруші жасақ бірінші күні тек кезекшілікте тұрған. Далалық өрт Жоса станциясына кемі 600 метр қашықтықта жанып жатты. Тасөткел селолық округы тұрғындарынан құралған ерікті құтқарушылар өртпен күресіп жатты. Өрт теміржолға қауіпсіз болғандықтан Әйтеке би өрт сөндіру пойызы төрт сағат кезекшілікте тұрып, кейін қайтып кеткен. Бір тәуліктен асқанда «далалық өрт теміржолға қауіп төндірді» деген дабыл қайта қағылып, Әйтеке би өрт сөндіру пойызы 12 адаммен оқиға орнына жедел аттанады. Жел бағыты өзгеріп және күшеюіне байланысты теміржолға да қауіп төне бастайды. Марс Ержанов бастаған Әйтеке би өрт сөндіру пойызының жеке құрамы қызыл жалынды теміржолға жақындатпауға бар күшін салды. Олар өрт сөндіру пойызындағы 50 тоннадан екі цистерна суды түгел тауысқан. «Өрттің өршіп кеткені сондай, жолаушылар пойыздарын қауіпсіздік үшін 2-3 сағатқа кідіртуге мәжбүр болдық. Әйтеке би өрт сөндіру пойызы Арқа, Әйтеке би, Никельтау аймағындағы теміржол бойын өрттен қорғайды. Оған мүмкіндігі толық жетеді. Дегенмен, алдағы уақытта Қарабұтақ елді мекенінен өрт сөндіру депосын ашса, құба құп болар еді. Облыс әкімшілігі өткен жағдайды сараптап, осыған көңіл бөлсе екен», – дейді Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Әділ Құбаев. Төтенше жағдайлар қызметі өрт найзағайдан тұтануы мүмкін деген нұсқаны да жоққа шығармады.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды