Жамбыл вагон пайдалану депосының мамандары соңғы кезде бақылауды күшейтті
Аймақтар
13.08.2021, 11:47
Жамбыл вагон пайдалану депосының басшылары мен командалық-инструкторлық құрамы технологиялық процесс талаптарының сақталуын жоспарға сай тексеріп отырады.
Депо басшысы Талғат Жасұзақовтың айтуынша, кепілдік учаскелерде пойыздардың вагондарды ағытпай өтуі бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады. Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету пункттерінің вагондарды дайындау сапасына бақылауды күшейту бағытындағы шаралар да үнемі жетілдіріліп отырады.
«Деподағы күрделі жөндеу жұмыстары, технологиялық процестер, нұсқаулықтар және басқа да нормативтік құжаттар негізіндегі жұмыстар, олардағы талаптардың орындалуы назардан түскен емес. Вагон қабылдаушылардың бақылауын қамтамасыз ете отырып, жоспарлы жөндеу түрлерінен вагондарды қабылдау сапасын арттыруға мән береміз. Негізгі техникалық қызмет көрсету пунктінің мамандары да пойыздарды өңдеу сапасын жақсарту бойынша тұрақты бақылау жүргізеді», – деп атап өтті Талғат Советұлы.Депо басшылары мен командалық-инструкторлық құрам әрбір тексерудің нәтижелері бойынша анықталған өзгерістердің туындау себептеріне егжей-тегжейлі талдау жасайды. Анықталған ескертулерді жою және қайталауға жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталады. «Аталған жоспардың аясында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жүк вагондарының құйылған бөлшектерінің сыну жағдайларын болдырмауға бағытталған шаралар қабылдау мақсатында «Бүйір жақтауын бақылаудың» төрт айлығы өтті. Сонымен қатар телеграфтық нұсқау негізінде ақаулы доңғалақ жұптарының, арбалардың құйылған бөлшектерінің, тежегіш жабдықтарының және автотіркегіш құрылғыларының ақаулары қаупін төмендету үшін «Жоғары қырағылық» айлығын өткіздік. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығының тапсырмасымен «Кәсіби білікті арттыру» айлығын жарияладық», – дейді Талғат Жасұзақов. Маманның айтуынша, теміржол тасымалында тұтқалары, баспалдақ сатылары, алаңдарының ақаулары бар жүк вагондары пайдаланылып жатады. Ал бұл теміржолшының өндірістік жарақаттар алуына себеп болады. Сондықтан осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында «Вагонның (тұтқалар, сатылар, алаңдар) технологиялық тұрақтылығының тиімділігі» атты еңбекті қорғау айлығы ұйымдастырылған. Мұнымен қоса, тұрмыстық-техникалық қалдықтарды тасымалдауды қабылдау кезінде тиеуді сапалы қарау бағытында арнайы шаралар өткен.
«Мамыр айында Шу, Тараз, Түрксіб станцияларында сұрыптау нүктелерінде вагондарды тарату технологиясын сақтау бойынша іс-шаралар легін өткіздік. Бұлардың әрқайсысы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, есептер ұсынылды», – деген депо басшысы бұл шаралар саладағы жұмыстарды ширатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?