Жамбыл облысында өтетін орын мен қоршаудың жоқтығынан 3 жасар қызды пойыз басты

Аймақтар
17.08.2021, 09:51
Асхат Райқұл

Жамбыл облысы аумағындағы Құмшағал станциясында қайғылы оқиға орын алды. Әйел адам баласымен бірге тоқтап тұрған жүк пойызының астынан өтпек болып, сол сәтте орнынан қозғалып кеткен вагон үш жасар қызды басып кеткен. Бұл алақандай ауылда биылдыққа тіркеліп отырған бесінші жағдай екен. Жергілікті тұрғындар осы оқиғадан соң құзырлы органдар бір амал жасауы қажет деп са- найды. Өйткені, мұндай төтенше жағдай соңғы уақытта тіпті жиілеп кеткен. «Теміржол бойындағы салғырттықтың салдарынан неше адам ажал құшып, мүгедек болып қалып жатыр. Не деген сұмдық бұл?! Тиісті мекемелер бір шара қолданып, тоқтатудың амалы бар ма?», – дейді Құмшағал ауылының тұрғыны Тәттібек Құрманәлі. Аталған оқиғаға орай полиция қызметкерінің де айтары бар. Өйткені, балаларын қараусыз, қадағалаусыз, еркінен тыс жіберетін ата-аналар көп. Мұның арты көп отбасын опындырып жатады.

«Бұл жағдайға қатысты сот алдындағы тергеу амалдары басталып кетті. Жол қозғалысы кодексінің 344-бабының 2-бөлігінде теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу шаралары қаралған. Кінәлілер болса, тергеу кезінде анықталады», – деді Көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Мақсат Дүйсенбиев.

Ал қоғам белсендісі Орынбасар Тоқбергенов теміржол бойында орын алатын мұндай оқыс оқиғаның басым бөлігі адамдардың ажал құшуымен аяқталатынын айтады. «Тұрғындардың тәуекелін тоқтатудың бір амалы мұнда жол өткелін салып, пойыз жолының маңын қоршау қажет. Алайда, біз осы ұсынысымызды басшыларға бір емес, бірнеше мәрте жеткіздік. Әзірге ешқандай шаруаның қолға алынбағанын, тіпті нәтижесін де көріп отырмыз. Теміржол аймағынан өту үшін белгіленген орын немесе қоршау болуы керек. Біздің талабымыз да, ұсынысымыз да осы», – дейді ол. Осыған дейін өңірдегі көліктегі полиция қызметкерлері жүріп бара жатқан пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кеткен ер адамды құтқарып қалған болатын. Бұл оқиға 23 шілде күні Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан Түрксіб бекетінде болған. Ер адам «Көкшетау-Қызылорда» бағытындағы пойызға кешігіп қалып, жылжып бара жатқан вагонның есігіне жармасқан. Ол полиция қызметкерлерінің ескерту ысқырығына да жауап бермеген. Салдарында жолаушының аяғы тайып, пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кеткен. Пойыз шұғыл тежегішті басып, тәртіп сақшылары зардап шегушіні пойыз астынан шығарып алған. Кейін анықталғандай, медициналық сараптама 31 жастағы Қызылорда қаласы тұрғынының орташа дәрежедегі мас күйінде болғанын көрсеткен. Ер адамға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 1-бөлігі – алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда болу және 560-бабы – теміржол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу бойынша екі хаттама толтырылған. Соған сәйкес, жолаушыға 10 айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ал ведомство осы оқиғаға бай- ланысты жоғарыда аталған пойыз жоспардан тыс тоқтап, кешігу уақыты 3 минутты құрағанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?