Пойыздар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл басынан бері 24 техникалық тексеру өткізілді

Аймақтар
24.08.2021, 11:36
Асхат Райқұл

Теміржол саласында қозғалыс шаруашылығының тиянақты әрі жауапкершілікпен орындалуы аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйін жақсарту және тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету бағытында қолға алынған іс-шаралар легі үзілген емес. Жыл басынан бері станциялар мен бекеттерде 24 техникалық тексерудің ұйымдастырылуы – соның дәлелі. Апта сайын өтетін селекторлық кеңестің 22-сі осы тақырыпты қамтыпты. Оларда қозғалыс қауіпсіздігі күндерін сапалы өткізу, атқарылған жұмыстардың қорытындыларын және пайдалану көрсеткіштерін жаңарту мәселелері қаралған. Бөлімшенің техникалық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Сұлтан-Мұрат Тоқтанаевтың айтуынша, тексеру шаралары барысында станцияларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық процестерге жіті назар аударылады. Сонымен қатар нормативтік техникалық қамтуға мән беріліп, желілік қыз- меткерлердің лауазымдық міндеттерін талапқа сай орындауы да назардан тыс қалмайды.

«Биыл пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың қайталануының алдын алу бойынша бірқатар шаралар қабылдадық. Филиалға бағы- нысты мекемелерге мақсатты, кенеттен, жалпы тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде бұзушылық орын алған жоқ. Станция қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне сай еместігі де, келіссөздер регламентінің, вагондарды бекіту тәртібінің, техникалық талаптардың бұзылу деректері де анықталған жоқ. Десе де, жекелеген теміржолшылардың техникалық эксплуатациялық ережелерді, пойыздар қозғалысының, дабыл және байланыс қағидаларын біле бермейтініне, сондай-ақ жергілікті нұсқаулықтардың жеткіліксіздігіне көз жеткіздік», – деп атап өтті Сұлтан-Мұрат Аликұлы.

Жауапты маман мал мен бөгде адамдардың жол бойына шығып кетпеуі үшін де нақты шаруалар атқарылғанын мәлімдеді. Бұл бағытта жыл басынан бері 64 түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 600 азаматты қамтып, теміржол аумағының қауіптілігі мен қағидалары тақырыбында жиын өткен. Сонымен қатар көпшілікке жадынамалар мен бейнетаспалар таратылған. Тараз желілік полиция бөлімшесі, әскерилендірілген күзет қызметі мамандарымен бірлесіп 36 рейдтік тексеру шарасы жүргізілген.

«Мұның ішінде мал қоршауының және қауіп туралы ескерту белгілерінің болуына қатысты, жолдардағы, бағыттамалы бұрылыстардағы ескерту-дабыл құрылғыларының, теміржол желілері арқылы адамдардың жаппай өту орындарындағы дабыл байланыстарының жарамдылығына, естілуіне қатысты 14 тексеріс жасалды. Анықталған олқылықтарды көрсете отырып, Жамбыл магистральдық желі басшылығының атына қызметтік хат жолдадық. Ол кемшіліктердің барлығы бүгінде қалпына келтірілді», – деді С.Тоқтанаев.

Қозғалыс шаруашылығында бұдан өзге де атқарылған жұмыстар жетерлік. Айталық, «Назар аударыңыз – тежегіш башмақ» онкүндігі ұйымдастырылып, станция, локомотив және вагон пайдалану деполары қызметкерлерін техникалық оқыту деңгейін арттыру мақсатында кәсіби білімді жетілдірудің үш айлық курсы өткен. Шу, Тараз, Түркісіб станцияларында вагондарды тарату технологиясын сақтау айлығы жарияланған.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?