Семей станциясында алты ай ішінде теміржолда жасалған 29 қылмыстық іс тіркелген

Аймақтар
25.08.2021, 09:13
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша желі бойындағы қауіпсіздік шаралары қатаңдатылуда. Мәлім болғандай, соңғы айларда тұрғындар тарапынан қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері мен теміржол бөліктері мен құрылғыларын жымқыру жиілеген. Сондықтан, желі бойындағы жазатайым оқиғалардың алдын алып қана қоймай, түрлі құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсат болып отыр. Бұл ретте жергілікті жолшылар арнайы жүргізілген акция аясында тұрғындарға, соның ішінде автокөлік тізгіндегендерге теміржол өтпесіндегі қауіпсіздік бойынша жадынама парақшалар таратып шыққан болатын. Ал, Семей станциясы бойынша желілік полиция бөлімшесінің пікіріне сүйенсек, соңғы алты ай ішінде теміржол бойында орын алған 29 қылмыстық іс тіркеліпті. Мәселен, жуырда Дегелең станциясында үш адамнан біріккен топ теміржолдың бөліктері тиелген вагоннан ұрлық жасап ұсталды. Қозғалынған қылмыстық іс бойынша келтірілген шығын көлемі 68 мың 590 теңгені құраған. Сонымен қатар, қала тұрғындары да теміржолдың реттелмеген жерінен өтіп, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзудан тыйылар емес. Соның салдарынан жазатайым оқиғалар да орын алуда. Қайғылы жайттардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жиі жүргізілуде. Бұл орайда бөлімшеге қарасты 724 шақырымдық желі бойындағы жеті полиция пунктінде біршама қатаң шаралар қолға алынған. Тексеру, із кесу жұмыстарына да мән берілуде. Соның нәтижесінде пойыздарда есірткілік заттарды заңсыз сақтаудың 4 фактісі тіркелген. Ал, әкімшілік-құқықбұзушылық жасағаны үшін 949 адам ұсталып, оның ішінде 99 адамға әкімшілік айыппұл салынған. Қазіргі күні теміржол бойындағы қауіпсіздік шараларын нығайту, тұрғындар өмірін сақтап, жолаушылар мен теміржолшылар құқықтарын сақтау бойынша қолға алынған шаралар қатарына желілік полиция қызметкерлерінің халықпен әлеуметтік желі арқылы байланыс жасауы да кіреді. Мәселен, тұрақты жүргізілетін мониторинг барысында тұрғындар пікірі мен өтініштері ескеріліп, арыз-шағымдары да тіркеледі екен. Бұл жайт, сөз жоқ, еліміздегі теміржол қызметінің сапасына да оң ықпал ететіні анық.

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті