Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі контейнерлік тасымалдардың жылдамдығын арттырмақ

Аймақтар
27.08.2021, 10:57
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі директорының жетекшілігімен ZOOM байланысы арқылы аппараттық кеңес өтіп, үстіміздегі жылдың жеті айындағы жұмыс нәтижесі қорытындыланды. Күн тәртібінде жүк тасымалы нәтижелерінен бөлек, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияны сақтау, сондай-ақ, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелері қызметкерлерінің әлеуметтік тұрақтылық мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Аймақтағы кәсіпорындарды аралап, жұмысшылармен кездесулер өткізген директордың орынбасарлары мен мекеме басшылары есеп берді. Компания басшылығы қызметкерлердің әлеуметтік мәселесін тұрақтандыру үшін осы жылы қаңтар, шілде айларында компания қызметкерлерінің жалақысын екі рет 10%-дан көтергені, Ұжымдық шартқа сәйкес көлік қызметкерлері күніне сыйлықақы төленгені атап өтілді. Компания қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша былтыр қабылданған Ұжымдық шарттың орындалуына ерекше назар аударылып отырғаны айтылды. Жеті айдың жұмысын қорытындылай келе, бөлімше директоры Айнабек Жукашев Ақмола ЖТ ұжымы карантин жағдайында коронавирустық инфекциялардың таралуын болдырмау, қызметкерлерді уақытылы вакцинациялау бойынша үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті. Бүгінде барлық қызметкерлер вакцинацияланып, ұжым екпе алудың қажетті шегіне қол жеткізген. Бұл мәселеге аталған бөлімше ерекше мән берген. Өйткені, Көкшетау депосының локомотив бригадалары Ресей темір жолдарына қарасты Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл станциясындағы демалыс үйлеріне түсіп демалатынын, ал Ақмола бөлімшесіне қарасты Пресногорьковск станциясындағы демалыс үйіне РТЖ-на қарасты Қорған депосының локомотив бригадалары түсетінін, сондай-ақ, Ақмола бөлімшесінің шекарасына басқа да түйіспелер бойынша Қостанай, Қарағанды, Павлодар ЖТ бөлімшелерінің локомотив бригадалары келетінін ескере отырып, бірқатар ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар әзірленген және олар вирустық инфекциялардың тарал- мауына негіз болып, оң нәтиже бергені мәлім болды.

«Есепті мерзімде Көкшетау – Петропавл учаскесінде, Азат – Приречное аралығында межеленген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазір Нұр-Сұлтан – Есіл учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр, бұл өз кезегінде Қытай – Батыс Еуропа бағытында контейнерлік тасымалдардың маршруттық жылдамдығын көтеру бойынша қойылған міндетті толық орындап шығуға мүмкіндік береді. Контейнерлік тасымалдардың маршруттық жылдамдығын арттыру – бұл Компания басшылығының болат жол еңбеккерлерінің алдына қойып отырған маңызды міндеттерінің бірі», – деді Айнабек Жукашев.

Бөлімшенің сандық және сапалық көрсеткіштеріне келер болсақ, локомотив паркін пайдалану көрсеткіштері орындалып қана қоймай, өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда жақсара түскен. Шілде айында жүк айналымының жоспарлы көрсеткіші 101,8% астам деңгейде орындалып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда анағұрлым жақ- сарып, 108,6% жетіп жығылған. Оның ішінде 7 айдың қорытындысы бойынша локомотивтің өнімділігі 101,8% орындалып, өткен жылғы фактіге қарағанда 102,9% деңгейін құраған. Ал локомотивтің жүрісіне қатысты меже 100,6% орындалып, өткен жыл деңгейінен 1,8% артық шыққан. Бөлімшеде пойыздардың тартымдық қызметіне жұмсалатын отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу және өлшегішке үлестік норманы төмендету – маңызды мәселе. Сәуір айынан бастап дизель отынын үнемдеу үрдісі оң нәтиже бере бастағанын атар едік. Және де отын-тарату колонкасы мен локомотивтің АСУЭДТ аспаптары арасындағы жабдықтау айырмашылығы – 1,3% дейін қателікке жол беру рұқсат етілгеніне қарамастан 0,5% шегін құраған. Бөлімше басшысы Айнабек Жукашев қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты