Атыраудағы темір жолдардың басым бөлігі темір-бетон шпалдарға ауыстырылды

Аймақтар
27.08.2021, 11:03
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі өндірісті аймақта орналасқандықтан мұнда жұмыс көлемі де жоғары. Соған сәйкес, бөлімшеде жол қауіпсіздігі мен еңбек қорғауға айрықша назар аударылады. Бүгінде өңір темір жолдарының 60 пайызы темірбетон шпалдарға ауыстырылған. Соның ішінде Исатай-Ақсарай учаскесінің Ганюшкино-РЗД№7-де бөлек пункт ашылғалы бері телімде тәулігіне 24-тен 28 жұпқа дейін пойыз өткізу қабілетіне жетті. Атыраудың мұнайлы аймақ болуына байланысты мұнай және мұнай өнімдерін жіберушілер негізінен «Теңізшевройл», «Батыстрансгрупп», «Парк хранения сжиженного газа», «Тенгизская Транс- портная Компания» сынды компаниялар. Сондай-ақ өлкедегі Қарабатан елді ме кенінде газ өңдейтін үлкен зауыт құрылысы салынып жатқандығына орай, көптеген мекемелермен, соның ішінде «АМӨЗ» ЖШС, «Теміржол Құрылыс Атырау» сынды кәсіпорындарда вагондарды эстакадаға тақау үшін жолдарды ұзарту бағытында ұсыныстар енгізіліп, іске асуда. Өткен жылдары Атырау- Мақат аралығында 24,7 км, Исатай-Д.Нұрпейісова аралығында 24,3 км жол жаңа материалдармен күрделі жөндеуден өтіп, сол арқылы учаскелерде жүк қозғалысы- ның жылдамдығы 70-тен 90 км/сағатқа, жолаушы пойызы қозғалысының жылдамдығы 80-нен 100 км/сағатқа артты. Жүк айналымы көлемін 5 пайызға арттыру арқылы еңбек өнімділігін арттыру, электр энергиясын үнемдеу, қозғалыс құрамын тиімді пайдалану, пойыздардың салмағы мен ұзындығын арттыру арқылы локомотив-сағаттарды қысқарту, жол шаруашылығында канадалық әдістерді қолдану арқылы озық механизмдерді пайдалану сынды жұмыстар табысты жүргізіліп келеді.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?