Жамбылдағы жарылыстан зақым келген жолдар қалпына келтірілді

Аймақтар
03.09.2021, 11:34
Асхат Райқұл

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлімшеде өткен аптада алапат өрт шығып, соңы жойқын жарылысқа ұласқаны белгілі. Елімізді дүр сілкіндірген төтенше оқиғаның салдарынан 15 адамның қаза тапқаны туралы мәлімет тарады, 100-ге жуық азамат зардап шекті. 150-ге тарта жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар бүлінген. Қазіргі таңда ахуал тұрақталып, бүлінген ғимараттар қалпына келтірілуде. Зардап шеккен ны- сандардың қатарында әскери бөлімнен 300 метр қашықтықта жатқан теміржол да бар. Жарылыс кезінде пайда болған толқыннан және бетондардың ұшуынан Тараз-Луговое учаскесінің жұп және тақ жолдарына біршама зақым келген. Жарылыс орын алған уақыттан бастап ол жолдан өтетін жолаушылар мен жүк пойыздары тоқтатылған болатын. Өрт шыққан жерден 8-10 шақырым жерде орналасқан Үшбұлақ станциясына Тараз қаласынан өрт сөндіру пойызы келген. Сондай-ақ, Шу станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілген. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Үмітбек Рысбековтің сөзінше, 26 тамыз күні кеш бата орын алған он шақты жарылыстың салдарынан әскери бөлімнің тұсындағы теміржол біршама зақымданған. «Төтенше оқиға кезінде жолға бетондар түсіп, 4 шпалды ауыстыруға тура келді. Жарылыс толқынының салдарынан рельстердің байланыстары үзіліп, жол жарамсыз болып қалға н еді. Біздің теміржолшылар ақау орын алған тұсқа 27 тамыз күні таңғы 8.00 шамасында жетіп, 11.10-да теміржолды толық жөндеп бітті. Іле-шала екі жолға да электр энергиясын беріп, облыстық штабқа теміржолдың барлық инфрақұрылымы дайын екендігін мәлімдедік», – деді Үмітбек Есмұратұлы. Өңірдегі бас теміржолшының сөзіне қарағанда, төтенше оқиғадан соң көп ұзамай шойын жолдың бойында саперлер жұмыс істеген. Олар қауіп туғызуы мүм- кін аумақты тазартып, арнайы құрылғылармен жіті тексерген. Одан кейін теміржолшылардың өздері де мұқият бақылаған.

«Жол жөндеу жұмыстарына жолшылар мен байланыс желісі қызметкерлері, электр қуатымен қамту мекемесінің маманда- рынан жасақталған 35 адам жұмылдырылды. Ал тоқтатылған пойыздардағы жолаушыларды 20 шақты автобус қажетті межеге күні-түні тасымалдады. Жалпы 10 мыңға жуық жолаушыны тиісті станцияларына жеткіздік», – деді Ү.Рысбеков.

Жамбыл жүк тасымалы бөлім- шесі басшысының орынбасары Дүйсен Сыдықовтың сөзінше, төтенше ахуалға байланысты жүк пойыздарымен бірге, 8 жолаушылар пойызы тоқтатылған. Олардың ішінде 11 мыңға тарта жолаушы болған.

«Біздің автобустарымыз Шымкент жақтан, Тараз станциясынан тоқтатылған пойыздардың жолаушыларын Ақшолақ станциясына, Түрксіб, Шу станцияларынан тоқтатылған пойыздардың жолаушыларын Шымкент жаққа тасымалдады. Оларды баратын бағыттарына қарай пойыздардың уақыттарымен үйлестіру жұмыстары да қолға алынған. Ал жолаушылар сол билеттерімен сапарларын жалғастыра береді», – деді Д.Сыдықов.

Ал жолаушылар тоқтатылған пойыздарға жол жүру құжаттарын қайтару бойынша жүгінгенде билеттерінің ақшасы қайтарылды. Алайда, пойыздардың кешіккені үшін айыппұл төленген жоқ. Дүйсен Сыдықов облыстық штаб пен Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі басшылығының бірлескен шешімімен 27 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында жолаушылар пойыздарының қозғалысы басталғанын жеткізді. Бүгінде пойыздар қозғалысы қалыпты, еш кедергі жоқ.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты