– Негізінен шағын станциялар мен жол айрықтары тексерілуде. Ал, Аягөз, Шар, Жаңа-Семей сынды ірі жүк станциялары болжам бойынша қыркүйектің 20-на таман өтетін күзгі комиссиялық бақылау кезінде толық қаралады. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы комиссияның келуін күтіп отырмыз, – дейді бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің қызметкерлері.Ғимараттар мен үймереттер, желі бойындағы жекелеген нысандар, модульдер мен байланыс құрылғыларының қатал маусымға әзірлігі шаруашылық ревизорларының «қамшылауымен» ерекше күш алуда. Өткен қыс шығыстағы теміржолшылар қауымы үшін үлкен сын болғанымен тосын жайттар орын алмаған. Биыл да қыстан қысылмай шығу үшін теміржолшылар алдағы күзгі сынға әзірлік жұмыстарын тыңғылықты жүргізуде.
Нұр-Сұлтаннан баратын комиссия Семейдегі ірі жүк станцияларын күзгі тексеруден өткізеді
Оқуға 2 мин
Теміржол шаруашылықтарында тағы бір сынақ – күзгі комиссиялық тексеру басталды. Бүгінгі таңда барлық станциялар мен теміржол мекемелері қысқа даярлық сатысына көшуде. Күзгі байқау – дайындыққа баға беретін емтихан болмақ.
Ел шығысындағы семейлік теміржолшылар жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай күзгі тексеру жұмыстары қарсаңындағы даярлық шараларын бастады. Бұл ретте бөлімшедегі шаруашылық ревизорлары желі бойындағы жазғы жұмыстарды қорытындылап, алдағы қысқа даярлықты пысықтауды бастап кетті. Дүйсенбіде Аягөз өңіріндегі Жүзағаш станциясынан басталған ревизорлық тексеру жұмыстары Ақтоғай мен Аягөз аралығындағы 133,4 шақырымдық телім бойын толықтай сүзіп өтті. Осыдан кейін Жаңғызтөбе мен Шар станциялары аралығында орын тепкен шағын жол айрықтарындағы атқарылған шараларды тексеріп шыққан шаруашылық ревизорлары апта соңына қарай Дегелең-Жаңа-Семей және Ауыл-Семей станциялары аралығын қадағалауға алды. Ескертулер мен кемшіліктер жайлы мәліметтер нақтылануда.