KTZ HSE қосымшасының көмегімен Арыс теміржолшылары 37 қауіптің бетін қайтарды

Аймақтар
10.09.2021, 10:38
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Қазіргі таңда Арыс станциясының теміржолшылары KTZ HSE мобильді қосымшасын қолдануды жаппай үйреніп келеді. Ал жұмысшылар кез келген мәселені қосымша арқылы тез шешуге болатынына, оның тиімді де ыңғайлы екеніне көз жеткізуде, деп хабарлайды Rail-news.kz. Арыс станциясының еңбек қорғау инженері Базаркүл Махметова KTZ HSE мобильді қосымшасының артықшылықтарын түсіндіріп берді. Айтуынша, бұрын қосымшадағы кейбір мәселелерді тек басшылық шешсе, қазір жұмысшылар да орын алған мәселені шешуге атсалысып жатыр. «Мысалы, бір теміржолшы «ана жерде анадай, мына жерде мынадай болып тұр» демейді. Жұмыс орнында қандай оқиға орын алғанын суретке түсіреді де, атқарушы адамға жібереді. Айталық, дәріхана қобдишасында дәрі-дәрмек жоқ, кем болып жатса, факт ретінде суретке түсіріп жібереді. Мен ол суретті аламын да «мына жерді жаңарту керек» деймін. Дәріхана қобдишасы жаңартылған соң «ауыстырылды» деген жаңартылған суретті жіберемін. Мобильді қосымшаға кіретін әркімнің өз паролі болады. Таяуда маған бір сигналист арнайы жұмыс киімінің жыртылып қалғанын көрсетті, оны суретке түсіріп алып атқарушыға жібердім. Кейін ол сигналистің киімі ауыстырылған соң жаңа киім киген түрін түсіріп жібердім. Қосымшада «бұл жұмыс орындалды» деп шығады. Керемет емес па? Станцияда 315 жұмысшы бар, барлығына да осы қосымшаны қолдануды үйретіп жатырмыз. Бір сөзбен айтқанда, бұл «дейін» және «кейін» деген сияқты алгоритммен жұмыс жасайды. Қосымшада «молния» белгісімен келіп тұратын ақпараттарды кіріп таныссаң көк түс, таныспасаң қызыл түсте тұра береді. ҚТЖ компаниясында қандай жаңалықтар болмасын әрбір теміржолшы өз телефоны арқылы кіріп біліп отыратын мүмкіндік жасап қойған. Бұл бәрімізге өте ыңғайлы», – дейді инженер Базаркүл Махметова. Айта кетейік, осы жылдың жеті айында KTZ HSE мобильді қосымшасында ішкі бақылаудың 42 тексерісі жүргізіліпті. Анықталған ескертулер бойынша, яғни мобильдік қосымшада ішкі бақылау жүргізу барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспары жасалған. Бұдан бөлек, жыл басынан бері станцияда стандартты емес жағдайларды әрекет етуді қарастыратын 37 іс-әрекет диалогы өткізілген. Тексеру барысында 37 қауіпті жағдай анықталып, орындалды. Жалпы анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспары жасалып, бір тәртіптік жаза қолданылған. Сондай-ақ, еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілер әзірлеу, қайта қарау бойынша жұмыстар ұйымдастырылған. Еңбек қорғау инженерінің айтуынша, Арыс станциясында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 18 нұсқаулықтың барлығы қайта қаралып шыққан.  

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?