Маңғыстауға оңтүстік пен солтүстіктегі ағайыннан ала жаздай талай вагон жем-шөп жеткізілгенін жаздық.

Биылғы құрғақшылық қысқан түбек шаруаларына қолдау әлі де жалғасып жатыр. Атырау өңірлерінің климаты да Маңғыстауға ұқсас болуына қарамастан мұнайлы өңірдің халқы да қарап қалмай, жуырда екі вагон тегін шөп жеткізілді. Атыраудың Махамбет және Құрманғазы ауданынан маңғыстаулықтарға жіберілген сәлемдеме Маңғыстау станциясына түсіріліп, шаруаларға таратылды. Жергілікті тұрғындар қиын кезде қол ұшын созып жатқан халыққа алғыстан басқа айтары жоқ. Атыраулық ағайынның қолдауына риза болған олар арнайы видео жолдап, ықыластарын білдірді.