Қауіпсіздікке жауапты мамандар өз міндетінен тыс түсіндіру жұмыстарымен де айналысуға мәжбүр

Аймақтар
14.09.2021, 11:20
Аса қауіпті аймақ саналатын теміржол бойындағы қауіпсіздік қай кезде де өткір болды. Бірақ соңғы жылдары ол ең өзекті мәселеге айналды. Себебі, теміржол бойы шоғырланған қалың елге, малға толып, қауіп-қатер арта түсті. Егер, теміржол бойында адам басу, мал басу, немесе бөгде адамдардың байланыс желілеріне, құрылғыларына зақым келтіруі, жүйені бүлдіруі, қолды етуге ұмтылуы, өзге де нысандарға зиян келтіруге талпынуы ілуде бір кездесетін оқыс оқиға болса, бүгінде күн сайын қайталанып жататын қалыпты жағдайға айналды, күнде түрлі оқиғалар тіркеліп, жергілікті құзырлы органдар тарапынан қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Жол бойында осындай зиянды, қаскөйлік әрекеттердің орын алмауы үшін теміржолшылар өз қызметтік міндеттеріне қосымша міндет жүктеп алған, халыққа теміржол – қатаң қорғалып, бақылауға алынған аумақ екенін, қауіпті аймақ екенін түсіндіріп, баспасөз арқылы ескерту жасап, одан қалды ауыл-ауылды аралап, мектеп оқушыларымен кездесіп, теміржол бойында барлық ережені, сақтық шараларын сақтауға шақырудан жалығар емес. Бірақ, қанша айлық өткізіп, рейд ұйымдастырып жатқан теміржолшылар еңбегі елеусіз қалып отырғаны өкінішті. Апатты жағдайлар, оқыс оқиғалар тыйылар емес... Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда белгі беру және байланыс дистан- циясының теміржолшылары халыққа тағы да ескертеді: теміржолды бойлай байланыс құрылғыларының жүйесі, кабельдер жүргізілген және де бұл аумақтарда жер қазу, құрылғылармен жұмыс жасауға тыйым салынғанын ескертетін белгілер орналастырылған, бақылауға алынған және тек арнайы рұқсатнама негізінде ғана бұл аумаққа жақындауға болады. Аталған учаскеде қандай да бір жұмыс жасалатын жағдайда алдын ала, кемі үш тәулік бұрын, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясына ескерту берілуі тиіс. Және де жұмыстың ҚР телекоммуникациялық жүйесі аумағында жүргізілетінін ескеріп, жұмысшыларға арнайы инструкция жасалуы керек. Сонымен қатар ол аумақта механизмдердің, ұрғылайтын құралдардың қолданылмауы назарға алынып, жұмыс барысына дистанция өкілі қатыстырылуы шарт. Жол төсеміне зақым келтіруге, жер қазатын, жүк көтеретін механизмдерді магистральдық желі жүйесіне жақын орналастыруға тыйым салынады. Егер мұқтаж болған жағдайда кабель желісі үстімен механизм, техника өткізілетін болса қосымша топырақ салынып немесе темірбетон төселуі тиіс. Егер жер асты, жер үсті желілері төселетін жағдайда қосымша техникалық келісімдер алынуы керек. Дистанция телімдерінде биыл ұрлық-қарлық оқиғасы тіркелмегенмен, бұрнағы жылдары байланыс желілеріне зиян келтіріліп, құзырлы органдар тарапынан кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осыған орай осы айтылған талап-ескертудің барлығы ҚР «Байланыс жайлы» 2004 жылғы №567 заңы, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы №1689 «ҚР коммуникация жүйелерін сақтау ережелері, қорғау аймағында жұмыс жүргізу тәртібі» жайлы шешімімен заңды қорғауға алынғанын және байланыс кабельдеріне зақым келтірген кез келген азамат ҚР Қылмыстық Кодексінің 398-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын қатаң ескертеміз. Қауіпті аумақтың осындай өз ережесі бар екенін әрбір азамат ескергені жөн. Әкімжан ҚОСАНОВ, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?