Атырауда Құрманғазы ауданына қатынайтын жергілікті шағын пойыз тағы бір вагонмен толықты. Бұдан бұрын Атырау теміржол станциясынан Құрманғазы ауданындағы Дина Нұрпейісова бекетіне дейін қатынайтын жолаушы пойызы жүргенін хабарлаған болатынбыз. Бұрын пойыз құрамында екі плацкарт, бір жалпы вагон бар еді. Бірақ, жергілікті пойызға халық сұранысы жоғары болып шықты, тұрғындардың өтінішіне сәйкес пойызға 52 орынға арналған тағы бір қосымша плацкарт вагоны тіркелді.
«Қазір жолаушылар пойызында екі плацкарт пен 266 орындық екі жалпы вагон бар. Жолаушылар қатары көбейіп, қажеттілік туындаса, бесінші вагонды қосу мүмкіндігі бар», – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Ерлан Сәрсенғалиев.