15 қыркүйекте Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде контейнерлердің жалпы желілік заттай санағы жүргізілді. Өңірде санақ жүргізу үшін 65 қызметкер бөлініп, 26 бригада құрылған, оның ішінде Маңғыстау, Бейнеу, Өзен, Болашақ, Құрық порты, Шетпе, Сай-Өтес, Опор- ный станцияларынан – 36 адам, вагон депосынан 29 адам алынды. Бұл қызметкерлер станция басындағы контейнерлерді жазып қана қоймай, Ақтау, Құрық порттарында, контейнерлік алаңдарда, кірме жолдарда да санақ жүргізген. Нәтижесінде барлығы 318 контейнер тізімге алынып, компанияның ақпараттық жүйелеріндегі деректерге сәйкестігі анықталды.
Контейнер санағы: Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде 318 контейнер бар
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі