Шиелі станциясында күзгі комиссиялық тексеру жүргізілді

Аймақтар
24.09.2021, 11:29
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол және магистральдық желі бөлімшелерінің басшыларынан құрылған топ күзгі комиссиялық тексеруден өткізуде. Компанияның стандартты талаптарын орындау, теміржолдың тұрақты жұмысы мен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, магистральдық желі инфрақұрылымын қолдануда нормадан ауытқуларды жою және саланың қыс маусымындағы мінсіз жұмысын қамтамасыз етуді көздейтін дәстүрлі шара аясында шаруашылық түгел сүзгіден өтіп, теміржолшылар ахуалы да назардан тыс қалмады. Бөлімшенің оңтүстігіндегі Шиелі станциясына келген топ жұмысты бастап кетті. Қозғалысшылар станциядағы ғимараттар мен жұмыс орындарының, кезекшілер таблосының жағдайымен танысып, мамандармен пікірлесті. Локомотив және вагон пайдалану депосының, байланыс, электр, жол шаруашылығы дистанцияларының басшылары, «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов, бөлімшенің кадр бөлімі басшысы Жанар Ибрагимова, кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Көпірбаев станциядағы теміржолшылардың жағдай- ымен танысты. Бөлімше басшысының орынбасарлары, ревизорлық аппарат тобы мекемелердегі техникалық құжаттардың толтырылуы, көлік қызметін пайдаланушылармен келісім деңгейін сарапқа салды. Жалпы жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын арттыру, сол шараларды іске асыратын теміржолшының жағдайына көңіл бөлуге басымдық берілгені байқалды. Мәселен, кадр бөлімінің басшысы теміржолшыларға компания тарапынан берілетін әлеуметтік жеңілдіктер мен сауықтыру орындарына берілетін жолдама жайлы түсіндірді. Жүк тасымалы бөлімшесінің директоры локомотив депосында тепловоздардың күтімі, жанар-жағар майдың үнемделуіне, тасымалдың оңтайлы ұйымдастырылуының үлестірілуіне, тіпті жұмыс орнының ішкі-сыртқы тазалығына дейін мән беріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай жасалуын назарға алды. Сонымен қатар, ғимараттардың техникалық жайы, өндірістік және еңбек тәртібінің ахуалы, жасанды құрылыстар мен желілік құрылым нысандары да сыннан өткізіліп, жол сапасы тексеруден өткізілді. – Осыған дейін бөлімшенің солтүстігіндегі учаскелерді тексеруден өткізген комиссиялық топ ендігі кезекте Қызылорда станциясы мен айналасындағы нысандарды аралап келеді. Негізгі мақсат – компания мен бөлімше басшылығы бекіткен талаптарды орындау арқылы бөлімшенің қыс мезгілінде қалыпты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету. Комиссиялық тексеру кезінде күнделікті атқарылатын шаралармен қатар назарға алынған олқылықтарды сараптап, кем-кетікті қалпына келтіру, персоналдың білімі мен білігін тексеру, жұмыстың сапалы орындалуына қойылатын талап көзбе-көз ескертілді, – деді бөлімшенің техникалық бөлімінің басшысы Жарқынбек Рсымбетов. Күзгі байқау аймақта қазан айының алғашқы онкүндігіне дейін жалғасады.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?