Маңғыстауда теміржол кәсіподағының өңірдегі өкілдері бас қосты

Аймақтар
12.10.2021, 13:41
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

10 қазан – ҚР Кәсіподақтар күніне орай Маңғыстауда теміржол кәсіподағының өкілдері «Кәсіподақ ұйымы – ұжым ұйытқысы» атты семинарда бас қосты. Семинарды теміржолшылар кәсіби одағы орталық кеңесінің Маңғыстау аймағы бойынша өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов ашып, әріптестерін құттықтады. Ол өз сөзінде өңірдегі кәсіподақ ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, түбекте 4,5 мың кәсіподақ мүшесі, 15 өндірістік кеңес, 40 техникалық инспектор бар екенін атап өтті.

– Теміржолдағы оңтайландыру мәселесінде еңбек адамының құқығы сақталуы кәсіподақ назарында. Жалпы, еңбек қаты- насы, әлеуметтік көмек сияқты басқа да мәселелер біздің үнемі бақылауымызда. Мәселен, өткен жылы локомотив деполары бойынша 14, биыл 6 машинист 57 жасқа толған бойда демалысқа жіберілді. Олар қазір зейнеткерлік жасына келгенге дейін салалық жәрдемақы алып отыр. Еңбек қорғау жайында да ұйым қоғамдық бақылауды нығайтып, жұмысшыларға қауіпсіздік, еңбек жағдайын жасау, денсаулық сақтау, өндірістік жарақаттарды азайту, жазатайым оқиғалардың алдын алуға жұмыс істеп жатыр, – деген Әзірбай Тұрмағанбетов кәсіподақтың араласуымен шешімін тапқан және кезек күтіп тұрған мәселелерге тоқталды.

Солардың қатарында, Болашақ станциясында жалғыз медбикеден басқа, дәрігердің жоқтығы, жедел жәрдем көлігінің қажеттілігі, станциядағы 170 пәтер мен Жаңаөзеннің «Рауан» шағын ауданында 38 пәтерде тұрып жатқан теміржолшылардың үйді жекешелендіру туралы сұранысы күн тәртібінде тұрғанын жеткізді. Бұдан кейін семинарға қатысушыларға Маңғыстау локомотив депосының кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілсейт Нәбіханов 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарттағы өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-егжейлі айтып берді. Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің еңбек қорғау инженері Тілектес Қондыбаева өндірістік кеңестің жұмысы және еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың рөлі, техникалық инспекторларды оқыту, біліктілігін көтеру жайында әңгімеледі. Сонымен қатар Орталық кеңестің түбектегі өкілі еліміздің еңбек туралы заңнамасы мен кәсіподақтың жарғысы мен басқа да нормативтік құжаттары туралы мағлұмат берді. Жиын соңында кәсіподақ жұмысын жүргізу бағытында еңбек етіп және оған атсалысып жүрген бірқатар теміржолшы марапатталды. Оларға «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының және аймақтағы өкілінің алғыс хаттары мен ақшалай сыйақысы табысталды.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл