Ақтөбе ЖТ бөлімшесіне қарасты Жіңішке станциясының қызметкерлері теміржол бойында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұнда теміржолшылар әр жұмыс күнін теміржол бойын барлаудан бастайды.
«Теміржол бойындағы оқыс оқиғаларға тұрғындар немқұрайлықпен қарайды. Оқушылардың күзгі канику- лы жақындап қалды. Осыған орай теміржол бойының тұрғындарынан балаларға абай болып, сақтық шараларына қатты көңіл бөлуге шақырамыз. Маңайда тұратын балаларға теміржол бойында ойнамауды ескертеміз. Кейбір кездерде ересек адамдардың өздері теміржолды рұқсат етілмейтін жерлерден кесіп өтіп немесе шойын жолдың үстінде серуендеу арқылы балаларға теріс үлгі көрсетеді», – дейді станция бастығы Талғат Сағынов.
Теміржолшылар әрбір жолаушыны тоқтатып, салмағы жүздеген тонна бірнеше вагонды сүйреп келе жатқан отарбаның жолы қашанда ашық болуы тиіс екенін айтты. Себебі машинист жолында адам тұрғанын көрген күннің өзінде ауыр салмақты кілт тоқтата алмайтынын әрбір адамның білуі тиіс және балаларға да айтып түсіндіруі қажет екендігі ескертілді.
«Қазір балалар жазғы каникулға шығатын кезде теміржолшылар сақтық шараларын екі есе күшейтеді. Радио арқылы қазақ және орыс тілдерінде хабарлан- дырулар беріп отырады. Теміржолшылар білім беру мекемелерін аралап, балалармен «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ» деген тақырыпта әңгімелер өткізді», – деген станция басшысы, белгіленген жерлердегі ескертулер мен нұсқаулық белгілерінің жаңартылуы тұрақты жүргізіліп отырғанын атап өтті.