Шығыстағы тұтынушылар тұрақты бағада көмірмен қамтылуда

Аймақтар
15.10.2021, 12:50
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысында көмір тапшылығы жоқ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өз міндеттемелерін жауапкершілікпен атқарып, көмірдің уақытылы жеткізілуіне байланысты қатты отын бағасы да көтерілмеген, деп хабарлайды Rail-news.kz. Бұл туралы жуырда Семейдегі аймақтық коммуникациялар қызметінде болып өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Семей ЖТ бөлімшесі басшысының логистика бойынша орынбасары Болат Оразтайұлының айтуынша, қазіргі таңда Қаражырадан көмір тиеу белгіленген жоспар аясында жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл ретте теміржолшылар бір ғана Шығыстағы тұрмыстық-коммуналдық саланы толықтай қатты отынмен қамтып отыр. Білім беру мекемелерінің, өзге де әлеуметтік нысандардағы қатты отын қоры – 100 пайыз. Алдағы қыс қаһарлы болады деген болжам бойынша қосымша тапсырыс беріп жатқан мекемелер де бар. Бөлімшені логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандарының есебінше, аймақтағы көмірдің қажеттілігі бір жылу маусымына 3 900 000 тонна екен. Бұл орайда бүгінгі күндері Дегелең станциясындағы тоқтаусыз техникалық процесс нәтижесінде қажеттіліктің 99 пайызы даярланған. Ал, өткен қыркүйек айының басынан бастап жеке тұрғындарға қажетті көмір барлық тұйық теміржол желілеріне үзіліссіз әрі толықтай жеткізіле бастаған болатын. Қазіргі таңда Семейдегі төрт тұйық желіде жеткілікті мөлшерде көмір қоры бар. Бұл орайда бөлімшенің басты әріптестері саналатын «Жігер» ЖШС мен «Семей көмір» ЖШС қатты отынның техникалық және сұрыпталған түрлерін саудалауда. Бағасы 9 500-ден басталады. Әрбір теміржол тұйығының тәулігіне 17-19 вагон көмір түсіруге мүмкіндігі бар. Сондықтан да болар, әлеуметтік көмірді есептемегенде, бүгінде қатты отынға кезек әлдеқайда азайған. Қазіргі таңда ел шығысында халыққа көмір бағасы мен маркаларын, сатылатын жерлер мен оларда көмірдің бар-жоғын түсіндіріп, тиісті ақпарат беріп отыратын арнайы «жедел желі» құрылған. Яғни, көмірдің жеткізілімі мен сапасына қатысты тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі көрсеткіш бойынша қарастырсақ, ел шығысындағы теміржол тұйықтарында 16,8 мың тонна көмір бар екен. Оның ішінде Өскеменде –1 мың тонна, Семейде – 7,8 мың тонна, Риддерде – 32 тонна, Аягөз ауданында – 5 мың тонна, Жарма ауданында – 800 тонна, Алтай ауданында – 1,3 мың тонна, Шемонаиха ауданында – 770 тонна. Осы орайда қазан айының басында тек Өскемен қаласы бойынша ғана көмір қажеттілігінің артқаны байқалған. Алайда, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ҚТЖ басшылығына қосымша вагондар бөлгізу туралы ресми хат жолдап, бұл мәселе бүгінде шешімін тауыпты. Бүгінгі күні орта есеппен алғанда Дегелең станциясынан көмір тиелген төрт пойыз тұрақты түрде жолға шығарылуда. Жылжымалы құрамдардың барлығы да ауыр салмақты болғандықтан пойыз құрастыру ісі біршама күш салуды талап етеді. Салмағы 6 200 тонналық 63 вагоннан тұратын жылжымалы құрамдар қозғалысында кедергі жоқ. Барлық жүк станцияларындағы маневрлік жұмыстар жеделдетілген түрде жүзеге асырылады. Локомотив пен вагон тапшылығын болдырмау мәселесі бөлімше басшысының қатаң назарында тұр.

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті