Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі қысқы маусымға дайын

Аймақтар
15.10.2021, 13:12
Асхат Райқұл

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі қысқы маусымға дайындық барысында анықталған проблемаларды жүк тасымалы бөлімшесімен бірлесіп шешіп, бүгінде тастүйін дайын отыр. Бөлімше директоры Сұлтан Боранбаев алдағы алты айлық мезгілге, әсіресе Бурыл, Тараз, Шақпақ, Жаңатас, Үшбұлақ, Қордай, Бірлік-1, Мыңарал, Жастар станциялары тыңғылықты дайындықпен келгенін атап өтті. Сол себепті ол мекемелердің басшыларына Құрмет грамоталары тапсырылып, бастауыш кәсіподақ ұйымының қаражаты есебінен бағалы сыйлықтар тарту етілген.

«Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі бойынша шаруашылық пен кадрларды даярлау іс-шаралары толығымен орындалуда. Өңірдегі жүк тасымалы бөлімшесімен бірлесіп қар күреу жұмыстарының жоспары да әзірленді. Ең алдымен қабылдау-жөнелту және сұрыптау жолдары тазаланатын болады. Қар тазалайтын және жинайтын техникалардың орналасатын станциялары да анықталды. Қызметкерлердің штаты жасақталған. Жұмыс орындарды қажетті керек-жарақтармен мұқият жабдықталған, сигналдық құрылғылармен де қамтамасыз етілген. Қазіргі жағдайда шаруашылық пен кадрларды даярлау 68,4 пайызды құрайды», – дейді Сұлтан Адамбайұлы.

Оның айуынша, биыл 3 шақырымға жуық қардан қорғайтын қоршаулар ағымдағы жөндеуден өткен, сондай-ақ, 400 дана қар қалқандары сатып алыныпты. Сонымен қатар 1,7 шақырымдай жол бойындағы қар қалқандарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аймақтағы 60 станцияның барлығының жолдары, оның айналасы қоқыс, шөптен тазартылыпты. Ағымдағы жылы қысқы маусымға қажетті тұрмыстық көмір көлемі 2708 тоннаны құрап отыр, әзірге қатты отын жеткізілмепті. Ал әкелінуі тиіс 1 876 тонна техникалық көмірдің 1000 тоннадан астамы келіпті. Оңтүстікте ауа-райының жылы болуына байланысты, бұл өңірге көмір кешеуілдетіп жеткізілетін және бұл бағыттағы жұмыстар жақын арада толық орындалатынын айтады мамандар. Қызметтік-техникалық ғимараттардың дайындығына келсек, жоспарға сәйкес осы қысқа 168 нысан мен үй-жай әзірленген. Магистральдық желі мекемелерінде 10 қазандық бар, оның ішінде 7-еуі қатты отынмен жылытылса, 2 қазандық дизель отынымен жұмыс істейді. Ал 1-еуі электр қуатымен жылытылады екен. Барлығы да арнайы тексерулерден өткізіліп, техникалық жағдайлары қалыпты екеніне көз жеткізілген. Қазір бөлімше мамандары қысқы техникалардың жай-күйіне аса көңіл бөліп, оларды тексеруде. Мәселен, 1 қар жинайтын техника деполық жөндеуден өтсе, 10 техника қазір тексеруге алынған.

«Қыс жағдайында жұмыс істеуге жұмылдырылатын 93 автокөліктің қазір іс жүзінде 87-сі дайын. Қалғандары жөндеу жұмыстарынан өтіп жатыр. Дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстары толық жүзеге асқан жоқ. Келісімшарт бойынша 1 қарашаға дейін жеткізілуі тиіс. Кадрларды дайындау да күн тәртібінде. Бүгінге дейін 157 теміржолшы арнайы тағылымдамадан өтіп, жұмысқа жіберілді. Қысқы арнайы киіммен қамтамасыз ету жоспары 96 пайызға орындалды», – дейді бөлімше директоры С.Боранбаев.
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?