Шиелі станциясындағы 4-өндірістік телім жолшылары шағын футбол жарысында жеңіске жетті

Спорт
15.11.2021, 09:44
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының Қаракеткен мен Шорнақ станциялары аралығындағы өндірістік телімдерінің жастарынан құралған 5 команда шағын футболдан жарыс өткізді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне өткен спорт сайысында Шиелі станциясындағы 4-өндірістік телім жолшылары жеңіске жетті. Ұжымдық достықты нығайтып, салауатты өмір салтын бекемдеуді мақсат тұтқан спорттық додаға жолшылар ұжымы кәнігі спортшылардай даярлықпен келіп, қызықты да тартысты ойын көрсетті. Құрамалар арасында тартылған жеребе бойынша алаңға шыққан командаларды дистанция бастығы Марат Оңалов, «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов, «Теміржол» филиалы төрағасының орынбасары Базара Танбаева, ұжымның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева құттықтап, жеңіс тіледі.

– Қызылорда агроколледжінің спорт залында өтіп жатқан дистанция теміржолшыларының турниріне қатысушы барлық командаларға жарыс жолында сәттілік тілейміз. Бұған дейін аймақтағы карантиндік жағдайға байланысты бұқаралық-көпшілік шаралар шектелген болатын. Бүгін кәсіподақтың ұйытқы болуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай дистанцияда шағын футбол турнирін ұйымдастырып, оған барлық телімдерден командалар қатысып отыр. Осалы жоқ, бәрі сайдың тасындай іріктелген командалар. Жолшыларымыз спорттық ойындарды сағынып қалыпты, тайлы-таяғы қалмай келіп, бір қызықты дода болғалы тұр, – деп әріптестерімен мақтана алатынын білдірді дистанция басшысы Марат Оңалов.

Әрине, құрамалардың арасынан қайсысы жеңіске жететіні ойынның алғашқы турында белгісіз болды. Дегенмен командалардың өзара кездесуінен кейін есеп айырмашылығымен оқ бойы оза шыққан шиелілік 4-телімнің бәсі басым екендігі аңғарылды. Иә, аяқ алысы ширақ, өзара түсінісе қимылдап, қарсыластарының осал тұсын дөп таба білетін құраманың сауатты ойыны алғашқы айналымнан кейін-ақ жеңіс тұғырынан үмітті екендігін байқатты.

– Бүгінгі спорт мерекесінде жүлделі орын алған командалар мен көзге түскен жекелеген ойыншыларға арнайы бағалы сыйлығымыз, кубок, дипломдарымыз бар, жалпы жарыс болғасын бірі жеңіп, бірі жеңіліс табады. Дегенмен, жолшылар – қандай жағдайда да достық жеңді дейтін қауым, сондықтан барлық қатысушыларды марапатсыз қалдырмаймыз, – деді ұжымның кәсіподақ ұйымы төрайымы Ғалия Ноғайбаева.

Расымен, Шиелілік жолшылар ешкімге дес бермей, ойын соңына дейін үздік ойын үлгісін көрсетіп, жүлделі 1-орыннан көрінді. Сауран станциясынан келген 6-өндірістік телім командасы – 2-орын, Сұлутөбенің 3-өндірістік телім құрамасы 3-орын иеленіп, турнир қорытындыланды. Сондай-ақ, шебер ойын өрнегімен айрықша көзге түскен Бақытжан Махамбетов – үздік қақпашы, Диас Кажденов – үздік шабуылшы, Нұрлан Жұмаділдаев үздік қорғаушы атанып, арнайы жүлделермен марапатталды. Жалпыкомандалық есепте орын алған командаларға да ынталандыру сыйлығы берілді.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда