Маңғыстаулық теміржолшылар үстел теннисінен бақ сынасты

Спорт
24.11.2021, 11:05
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда Тәуелсіздіктің отыз жылдығына арналған теміржолшылар арасындағы спорттық жарыс жалғасуда. Кәсіподақтың бастамасымен болып жатқан аталған сайыста бұл жолы түбек теміржолшылары үстел теннисінен бақ сынасты, деп хабарлайды Rail-news.kz. Үстел теннисі бәсекесіне Маңғыстау қосалқы бөлімшесінің басшысы Нәжімеден Ғұбашов бастаған 14 адам қатысты. Ойынды бөлімше басшысымен Маңғыстау магист- ральдық желі бөлімшесінің инженер-технологы Мұрат Құдайбергенов бастады.

– Кәсіподақ пен басшылықтың қолдау көрсетуінің арқасында Маңғыстау теміржолшылары қашанда спортқа жақын. «Дені саудың – жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Спорттың кім-кімге де пайдасы орасан. Спорттық жарыстар жыл соңына дейін жалғасады, – дейді спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.

Сайыс қорытындысы бойынша Мұрат Құдайбергенов бірінші, қосалқы бөлімшенің техникалық бөлімі басшысы Ернар Айдарханов екінші, «Қазтеміртранс» Атырау филиалының Маңғыстау вагон паркін сақтау бойынша жол инспекторы Салтанат Иманғалиева үшінші орынды иеленді. Мерейі үстем болған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл