Ақтөбелік теміржолшылар шаңғы жарысына түсті

Спорт
22.02.2022, 11:49
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қысқы Олимпиада тұсында теміржолшылар шаңғы жарысынан бақ сынады. Байрақты бәсеке «Қазкөліккәсіп» мекемесінің 30 жылдығы және Қазақстан теміржолының құрылғанына 25 жыл толуына арналды.

Қысқы спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын сақтау – теміржолшылар үшін дәстүрлі шаралардың бірі. Оның ішінде қысы қарлы болатын Ақтөбе өңірінде шаңғы спортына ерекше көңіл бөлінеді. Табиғат аясында өткен шаңғы жарысы теміржолшыларға ерекше көңіл күй сыйлады. Қызметтік формаларын спорттық киімге ауыстырған олар өздерін кәсіби спортшылардай сезінуге мүмкіндік алды.

– Аймақтағы барлық ұжымнан спорттың осы түрімен айналысатын теміржолшылар белсене қатысты. Жарыс жолына ерлер де, нәзік жандар да, ардагерлер де шықты. Барлығы да нағыз спортшылардан кем түспеді. Ең бастысы, жарақатсыз өтті, – дейді спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан.

Жарыс кезінде, әсіресе жылдамдық пен шеберліктің озық үлгісін көрсеткен жастардың жарысы ерекше екпінмен өтті. Жастар арасындағы бәсекеде Вагон сервис мекемесінің қызметкері Азамат Асқаров 1-орынды еншілесе, Рустам Қосалов 3-орынды иеленді. Ал Жіңішке станциясынан Озат Оралтаев 2-орын алды.

Әйелдер арасында Жіңішке станциясынан Кенжегүл Құрманова мен ардагер теміржолшы Гүлнұр Ысқақова суырылып алға шығып, 1-орынды бөлісті. НЖС-11 қызметкері Алмагүл Ислямова екінші орын иеленді.

– Дені саудың – жаны сау. Осы ұстанымды ұстанамын. Жарыс тамаша өтті. Ауа райы да керемет болды. Теміржолшылар бір сергіп қалды, – дейді ардагер теміржолшы Гүлнұр Ысқақова.

Аймақтағы ардагер теміржолшылардың да белсенділігі жоғары болды. Белгіленген қашықтықты бағындарған қарт теміржолшылар арасында Әскерилендірілген теміржол күзетінің ардагері Сәндібек Қауменов 1-орын, Ардагерлер кеңесінің өкілі Жұмабай Отарғалиев 2-орын, Біржан Орынжан үшінші орынды иеленді.

Жарыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды