Қазкөліккәсіп 30 жылдығына орай шағын футболдан бір айлық турнир басталды

Спорт
12.07.2022, 12:35
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының ұйымдастыруымен компанияның 25 жылдығы және «Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның 30 жылдығына орай шағын футболдан бір айлық турнир басталды. Жарыс қорытындысы тамыздың басында теміржолшылардың төл мерекесінде шығарылып, жеңімпаз командалар марапатталады.

Бір айға созылатын ойын барысында дирекцияның Орталық аппараты, жол және құрылыс департаменті, электрлендіру және энергетика департаменті, автоматика және электромеханика, байланыс департаменті мен «Нұрлы жол» вокзал кешені қызметкерлері аяқ доптан өзара жарысқа түседі. Осы кәсіпорындар арасынан барлығы 9 команда жасақталды. Олар кестеге сәйкес бір айда оннан астам ойын ойнайды.  

– Ең басты мақсатымыз – әрине компания қызметкерлерін салауатты өмір салтын сақтауға шақыру. Тамыздағы төл мерекеге дейін әр аптаның сенбісінде таңертең және кешке 3 ойыннан өткіземіз. Бірінші ойынды КҚТЭ құрама командасы, яғни кадрлар, қауіпсіздік саласы мамандары, технарлар бастады. Олар «Нұрлы жол» вокзал кешенінің командасымен ойнады. Одан кейін жол және құрылыс департаменті вокзал командасымен кездесті. Бір күнде 4 команда ойнады. Әзірге «Нұрлы жол» вокзал командасы алда келе жатыр. Дегенмен, ойын енді басталды, бұл тек бірінші күн, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Дархан Төкенов.  

Оның айтуынша, тек футболмен шектелмей, алдағы бір айда бильярд, армрестлинг, шахмат және басқа да турнирлер ұйымдастырылады. Сонымен қатар теміржолшылардың балаларының арасында сурет салудан байқау да өткізілмек. Командалар арасында 1,2,3 орындармен қатар жекелеген ойыншылар арасында «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» деген аталымдар бойынша марапаттар ұсыну көзделіп отыр.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті