Марафон жеңімпаздары марапатталды

Спорт
14.10.2022, 10:31
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазкөліккәсіп» ҚБ мерейтойы аясында «Астана» филиалы теміржолшылар арасында ұйымдастырған марафон мәресіне жетті. Осы аптада ҚТЖ Орталық музейінде жүзден жүйрік шыққандар арнайы диплом мен жеңімпаз есімі жазылған кубокпен марапатталды.

Бұл марафонның бір ерекшелігі – қатысушылар жүгірген қашықтығын ұялы телефондағы Strava арнайы қосымшасына енгізіп, соны жарыс ұйымдастырушыларына жолдаған. Олар бұл ретте марафонның екі номинациясы бойынша жарысты, бірінші – 30 км қашықтықты анағұрлым аз уақытта жүгіріп өту және марафон өткен жарты жылда ең ұзақ қашықтықты бағындыру. Аталған филиалдың спорт нұсқаушы-ұйымдастырушысы Роман Подгадецтің айтуынша, 26 наурызда басталған марафон 26 қыркүйекке дейін жалғасып, осы аралықта оған 14 теміржолшы қатысқан.  

– Мұндай марафон осымен екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар аталған мерзім ішінде кез келген күні, кез келген уақытта қаланың бір нүктесінде жүгіріп, сол уақытты әлгі қосымшада белгілейді, сосын нәтижесін бізге жібереді. Он төрт қатысушы ҚТЖ үшін аз, өйткені бізде спортпен шұғылданатындар өте көп, алайда осы аралықта өзге де спорттық шаралардың жиі өтуіне байланысты олардың біразы бұл марафонға қатысып үлгере алмай қалған болуы керек деп ойлаймыз. Қатысушылар екі номинация бойынша да марапатқа ие болды, – дейді спорт нұсқаушысы.  

Марафон қорытындысында бірінші номинация бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалының менеджері Мөлдір Есболғанова 30-39 жас аралығындағы әйелдер арасында, осы дирекцияның инженер-технологы Ольга Макалкина 40-49 жастағы әйелдер арасында 30 шақырымды ең аз уақытта жүгіріп, 1-орын алды. Сонымен қатар 18-29 жас аралығындағы ерлер арасында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС корпоративтік даму департаментінің менеджері Мақсат Еркенов екі жарыстан да жеңімпаз болды. Сол сияқты 30-39 жас аралығындағы ерлер арасынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңы тасымалы» филиалы Ақмола өңірлік телімінің электр пойызының машинисі Андрей Азябин 1-орынға шықты. 40-49 жас аралығындағы ер азаматтар ішінен бірінші орынды Семей магистральдық желі бөлімшесінің бөлім бастығы Нұрлан Бегәділов алды. Екінші номинация, яғни ең ұзақ қашықтыққа жүгіруден бірінші орынды жас ерекшеліктеріне қарай компаниядағы техникалық орталық менеджері Рената Молдахметова, Шу станциясы бойынша «Қала маңы тасымалы» филиалының жолсерігі Салтанат Айманбетова, Қостанай белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Нұрлан Иксанов және марафон өткен 6 айда екінші номинация бойынша 1635,89 км қашықтыққа жүгіріп, ең үздік нәтиже көрсеткен Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы Көкшетау филиалының есептеу тобы бастығының орынбасары Асқар Жүсіпов жеңімпаз болды. Сондай-ақ 50-59 жас аралығындағы ерлер арасынан компанияның бас инженері Батыр Котырев бірінші орынға лайық нәтиже көрсетті. Жеңімпаздарды «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев пен «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев марапаттады.  

– Марафонды жариялаған күні 30 км жүгірдім. Ақордадан бастап өзен жағалай жүріп, Тельман елді мекенінен әрі астым. Бұрын күреспен айналысқанмын, ал жүгіріп жүргеніме бір жылдай болды. Жүгірудің пайдасы зор, денсаулыққа пайдалы, үнемі сергек жүресің. Қысым мөлшері қалыпты болады, – дейді марафон жүлдегерлерінің бірі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбек қауіпсіздігі және экология инспекциясы менеджері Ғазиз Мәмбетов. Кәсіподақ басшылары компания қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстанудағы барлық бастамаларына қашан да қолдау білдіруге дайын екендерін жеткізді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті