Футболдан тұңғыш рет UFL турнирі өтуде

Спорт
14.02.2023, 10:26
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордада тұңғыш рет теміржолшылар арасында футболдан «Astana» UFL турнирі өтуде. Қаңтар айының соңынан наурыздың ортасына дейін жалғасатын бірінші турнирге теміржолшылардың 6 командасы қатысуда.

Турнирдің алғашқы күні «Нұрлы жол» станциясы мен вокзал кешені, Астана жол дистанциясы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жол диагностикалау орталығы, «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалы, Астана вокзал шаруашылығы департаменті және «Қамқор Локомотив» ЖШС мекемелерінен қатысқан командалар арасында тартысты ойын болды. «Нұрлы жол» вокзал кешенінің командасы ЛВЧДР-9 командасын 5:3 есебімен жеңді. Команда капитаны – вокзал кешенінің техникалық бөлім бастығы Самат Құдайберген. Жалпы теміржолшылар арасында футболдан UFL турнир лигасын Астана жол дистанциясының жол монтері Әсет Абакаев бастама көтеріп, тораптық мекемелер қызметкерлері арасында байланысты нығайту, әрі спортты насихаттау мақсатында бір ай бұрын ашқан.  

– Бастапқыда 12 команда қатысуға ұсыныс білдірді. Алайда олардың жартысы әлі жарнасын төлеген жоқ. Сондықтан әзірге алты команда шықты. Аталған лиганың әлеуметтік желілерде аккаунты ашылып, жұмысын бастады. Бастаманы теміржолшылар қызу қолдады. Турнир аяқталғанға дейін басқа да теміржолшылар командалары келіп қатыса алады. Олар әр жексенбі сайын елордадағы Еуразия ұлттық университетінің спортзалында бас қосып, аяқдоптан бабы мен бағын сынайды. Әр командаға қатысу жарнасы – 155 мың теңге. Бұл апта сайын спортзалды 20 мыңға жалдауға, турнир жеңімпаздарын марапаттауға кубоктар мен дипломдар, сыйлықтар алуға және футбол төрешілері қызметіне кетеді, – дейді Ә.Абакаев.

Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Қорытындысы наурыз айында шығарылып, жеңімпаздар Кубокпен және диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті