Триатлон жарысында теміржолшылар жеңіс тұғырынан көрінді

Спорт
14.03.2023, 10:48
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордада жексенбіде TRI INDOOR залында өткен триатлон жарысына теміржолшылар да қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның RAILWAYS_ ALTHLETICS спорт командасының құрамында компанияның бас инженері Батыр Котырев бастаған 14 қызметкер қатысты. Белгілі спортшы Денис Гордиенконың басшылығымен GLOBALSPORT командасы ұйымдастырған жарысқа эстафеталық ойындар бойынша ҚТЖ ойыншылары 10 команданың ішінен 2 орын алды. Команда құрамында теміржолшы Руслан Молдағалиев жүгіруден, Азамат Жангелді велоспорттан және Батыр Котырев жүзуден жарысқа түсті.  

– Салауатты өмір салтын сақтау және насихаттау теміржолшылар өмірінің ажырамас бөлігіне айналуда. Спортты серік еткен жанның қашан да дені сау, ал тән саулығы рухани жағынан да кемелденуге әкеледі. Сондықтан, достар, жұмыстан бос уақытта спортпен айналысыңыздар! – дейді бас инженер.  

Жабық ғимаратта өтетін триатлон бойынша жарыстарға кәсіби спортшылармен бірге әуесқойлар да қатыса алады. Мәреге дейін жету үшін қатысушылар бассейнде 10 минут жүзіп, велотренажерда 25 минут, жүгіру жолағында 15 минут жүгіруі керек. Барлық жеңімпаздар арнайы жүлделерге ие болды.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті