Әлем чемпионы: Спортты серік еткен теміржолшы Еңбек озаттары қатарында

Спорт
24.03.2023, 14:20
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 

Теміржолшы Рахат Жаңаниет «ҚР Еңбек озаттарының Алтын кітабы» республикалық байқауының 2-кезеңіне жолдама алды. Қазылар алқасының шешімімен оның жұмысы талапқа сай деп танылып, спорт саласында жеткен жетістіктері еленген.  

Қарағанды электрмен жабдықтау дистанциясының электр механигі Рахат Берікұлы Ақадыр кентіңде дүниеге келген. Жастайынан әке-шешесіне  көмектесіп, мал бағуға қолғабыс еткен ол соның арқасында шымыр болып өседі. Бұл спортқа бейім болуына ықпал етеді. 10 жасынан бастап самбо, дзюдо, қазақ күрес үйірмелеріне барып, біраз халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды. 2009 жылы  оқушы кезінде-ақ 34 кг салмақ дәрежесінде Ташкент қаласында өткен самбодан әлемдік турнирде чемпион болды. Одан кейін Астана  қаласында, Қырғызстанда өткен турнирлерде жеңіске жетеді. Ташкент қаласында жастар арасындағы жарыста Азия чемпионы болды. 2012 жылы мектеп бітіріп, Қарағанды политехникалық колледжіне оқуға түседі. Еңбек жолын жеке кәсіпорында электр монтер болып бастайды. 2018 жылы электр энергетикасы саласында жоғары білім алып шығады.  

– Теміржолға 2016 жылы келдім, қыркүйектен бастап қазіргі жұмыс орным, ЭЧ-11 мекемесіне электрмеханик болып жұмысқа ауыстым. Қазір 7 жылдай осы салада қызмет етіп келемін, әрі спортты да бірге алып жүрмін. 2019 жылы халықаралық самбо турнирінде әлем чемпионы атандым. Сол жылы Кореяның Чхуанджу қаласында әлем чемпионатында қола жүлдегер атандым. 2021 жылы Ташкент қаласында өткен турнирде де әлем чемпионы болдым. Бұл Әлем чемпионаты менің ең үлкен биік тұғырдан көрінген сәтім болды. Бірінші белдесуде грек палуаны Каракизиди Саваны 2:0 есебімен жеңдім. Ол осы жарыстың басты қарсыласының бірі еді. Екінші белдесуді түрікмен палуаны Мухаммет Коссековпен өткізіп, оны 1:0 есебімен жеңіп жартылай финалға жолдама алдым. Үшінші белдесуді беларусс палуаны Гладких Павелмен өткізіп, оны 11:0 есебімен жеңіп ақтық сынға жолдама алдым. Финалдық кездесу 2018 жылы Бухарест қаласында өтті. Тәжік палуаны Кушкадам Хусравовты финалдық белдесуде 8:0 есебімен жеңдім. Сөйтіп шетелдерде көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелетіп қайттық, –  дейді батыр теміржолшы.  

Аталған «ҚР Еңбек озаттарының Алтын кітабы» республикалық байқауына қатысу үшін ол өңірдегі спорт басқармасына өзі туралы деректер жібереді. Байқауда бірнеше қатысушылармен қатар іріктеуден өтеді. Байқау қатысушылары ҚР Еңбек озаттарының Алтын төс белгісімен, Құрмет грамотасымен марапатталады. Жүлдегерлерге бұл марапаттары сәуір айында Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында салтанатты түрде тапсырылмақ. Рахат секілді мықты спортшылардың арқасында елімізді әлем тануда. Сондықтан өз ісінің үздік мамандарын жастарға үлгі ету – өскелең ұрпақты еңбекқорлық пен отансүйгіштікке тәрбиелеудегі басты құрал. Қарапайым еңбек адамы бола тұра әлем чемпионы болып, елге танылған Рахат сияқты жастардың есімі мен еңбегі кеңінен насихатталып отыр.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті