Доп додасында жолшылардың жұлдызы жанды!

Спорт
16.06.2025, 12:02
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сексеуіл станциясында аймақ теміржолшыларының басын қосқан айтулы спорттық шара өтті. Сала кәсіподағының 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қазкөліккәсіп-2025 теміржол футбол лигасы кубогының» іріктеу турнирі бөлімшенің солтүстігінде еңбек ететін командалар үшін нағыз шеберлік пен тактикалық тартыс алаңына айналды.

Турнирге қатысқан алты құрама: ПЧ-59, ТЧЭ-36, ТЭК, ДС Сексеуіл, ВЖДО және ВЧДЭ-6 командалары өз мекемелерінің намысын қорғай отырып, аутқа доп шығармай, дәл пас беріп, қарсылас команданың қорғанысын бұзуға бар күшін салды. Әр ойында допқа иелік ету мен шабуыл тактикасын тиімді қолдану, жылдамдық пен командалық үйлесімділік шешуші рөл атқарды.

Тартысты өткен ойын жанкүйерлердің де делебесін қоздырып, бірде демдерін іштеріне тартып тына қалса, бірде алаңды бастарына көтеріп қиқуға басты.  

Жеңіс тұғырына ең мықты команда шығатыны белгілі. Бұл жолы мұндай  мәртебе  жолшылардың үлесіне тиді.   Финалдық ойында шабуыл мен қорғанысты ұтымды ұштастыра білген, тактикалық тұрғыдан дайындықтары жоғары Сексеуіл жол дистанциясының «ПЧ-59» командасы турнир жеңімпазы атанды. Қақпаны дәл көздеген соққылары мен жинақы қорғаныс тактикасы бұл команданы нағыз чемпион етіп жолшылардың бағы жанды.

Күміс жүлдені ширақ қимылдап, матч барысында бірнеше рет қауіпті шабуыл ұйымдастырған Әскерилендірілген теміржол күзетінің «ВЖДО» командасы еншіледі. Ал үшінші орын алаңда ұйымшыл ойын көрсетіп, қарқынды шабуылдармен ерекшеленген ТЭК командасына бұйырды.

Футбол командалық ойын болғанмен жекелей шеберлік танытқандар сөз жоқ, жеңіске жол ашты. Бұл орайда   «Үздік ойыншы» атағына ие болған Сексеуіл локомотив пайдалану депосы командасының ойыншысы Ғарифулла Лямалифазизуллаұлы алаңда допты шебер игеруімен, дәл пас берумен  және тактикалық шеберлігімен  көзге түсті. Оның ойын мәнері қарсыластары үшін нағыз «күтпеген тосынсыйға» айналды.

Турнирдің екінші күнінде доп додасы Қазалы станциясында жалғасын тапты.  Тораптық станциядағы төрт құрама: ПЧ-60, ТД-23, ШЧ-40 және ВЖДО командалары алаңға шығып, тамаша ойын көрсетті. Футбол алаңы теміржолшылардың спортқа деген ықыласын тағы бір мәрте дәлелдегендей болды. Ойындар тартысты әрі қызықты өтті, командалар өзара мықты бәсекелестік көрсетті.  Нәтижесінде, 1 орынды Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы байланысшыларының «ШЧ-40» командасы жеңіп алды. 2 орынды Қазалы айналым депосы машинистерінің «ТД-23» командасы иеленсе, 3 орынға Қазалы жол дистанциясының жолшыларынан құралған «ПЧ-60» командасы шықты. Екінші күнгі турнирдің «Үздік ойыншы» номинациясына ВЖДО командасының ойыншысы Әли Жаңалық лайық болды.  Оның ойын үлгісі мен командалық рухы барша жанкүйерлердің көңілінен шықты.

Екі станцияда өткен футбол турнирінде жеңіс тұғырына көтерілген барлық команда  кәсіподақ ұйымы тарапынан  марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.    

Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды