Теміржолшылар спортта да алда

Спорт
04.08.2025, 13:33
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар күні қарсаңында Атырау локмотив депосының спорт алаңында спорттың бірнеше түрінен жарыс өтті. Яғни, теміржолшылар арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес  (армрестлинг) және нысанаға ату (дартс) бойынша өз ара жарысты.

Спорт нұсқаушысы Ринат Иманғазиевтің айтуынша, жарысқа НОД ГП-13, НЖС-13, ТЧЭ-3, ВЧДЭ-1, Мақат, Теңдік. Ақжайық станциялары, ПЧ-9, ШЧ-8, ЭЧ-4 командалары қатысты. Жарыс өте тартысты өтті, әсіресе арқан тарту көрермендердің делебесін қоздырып, ат бәйгеден кем болмады. Нәтижесінде 1-ші орынды ШЧ-8, 2-ші орынды Мақат станциясының командасы жеңіп алды.  

Кір тасын көтеру бойынша 1-орынды ПЧ-9-дан Рауан Басанов, 2-орынды ЭЧ-4 Нұрболат Нұрбаев, 3-ші орынды ВЧДЭ-1 (Мақат бөлімі) Мейрамбай Өңгербаев иеленді. Дартстан 1-орын ЭЧ-4 Нұрболат Наурызалиев, 2-орын Теңдік станциясынан Ізбасар Өткелбаев, 3-орын ТЧЭ-3 Қадырбек Бірмағамбетовтың қанжығасына байланды. Қол күресінен әйелдерде сайысып, олар да білек күшін байқап көрді. Онда 65 кг дейінгі салмақта 1-орынды ШЧ-8 Руфина Джумаева, 2-ші орынды ГП-13Айдана Қайрош, 3-орынды ШЧ-8 Айкөркем Сисенғалиева жеңіп алса, 65 кг жоғары салмақта 1-орынды Теңдік станциясынан Әсем Сатыбаева, 2-орынды ШЧ-8 Әсел Ахмед, 3-орынды ШЧ-8 Ерсін Жұмалиева иеленді. Қыздардың қол күрес жарысы көремендерге әлдеқайда қызықты көрінді. Ал осындай ерлер арасындағы 80 кг дейінгі салмақ иелері арасында 1-орын Мақат станциясынан Нұрбек Өтебаев, 2 және 3-орын ПЧ-9 Бекболат Ұғыбаев  пен Нұрқасым Махамбетке бұйырып, 80 кг жоғары салмақта 1-орынды ТЧЭ-3 Айқын Асқарбақыт, 2-орынды ПЧ-9 Бекқали Ғабдул, ал 3-ші орынды ТЧЭ-3 Махамбет Харесов иеленді. Жүлделі орын алған жеңімпаздарға грамоталар және ақшалай сыйлақ табыс етілді.    

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда