Дәстүрлі турнир жалғасын тапты

Спорт
14.10.2025, 09:05
Суреттерді түсірген Мұқағали ҚАСҚАРБЕК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордада кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған «Кazproftrans-2025» теміржол футбол лигасының кубогы» турнирінің финалдық кезеңі өтті. Екі күндік турнирге өңірлердегі теміржол мекемелері арасындағы жарыста жеңіске жетіп, финалға өткен 5 команда қатысты.

Ақтық жарыстың ашылуында Сала кәсіподағының төрағасы Оразғали Ахметбаев сөз сөйлеп, командаларға жарыс жолында сәттілік тіледі. 8 жылдан бері өтіп келе жатқан дәстүрлі турнирге жыл сайын 2000-ға жуық теміржолшы қатысады. Әр жылдары финалдық турнирлер Алматы, Қостанай, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Орал қалаларында өтті, ал турнирдің жеңімпаздары компанияның түрлі теміржол кәсіпорындарының футбол командалары болды. Былтыр Оралда өткен жарыста Астана командасы жеңімпаз болғандықтан биыл турнир елордада өтіп отыр.  

Сонымен турнирдің ақтық жарысына Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Астана және Атырау командалары қатысып, өзара тартысты ойында бақ сынасты. Жарыстың алғашқы күнінде қарағандылық ВЧД-13 және Екібастұздан ВЧД-16 мекемелерінің командалары алаңға алдымен шықты. Одан әрі қалған командалар ойынды жалғастырып, барлығы 10 ойын көрсетті. Екі күнге созылған турнир тартысты да қызықты өтті.  

Нәтижесінде 1-орынды атыраулық ТЧЭ16 командасы иеленсе, екінші орынды павлодарлық Екібастұз вагон қараушылар командасы қанжығалады. 3-орын Қызылорда машинистері командасына берілсе, одан кейінгі орындарды Астана ПЧМ-40 мекемесі мен Қарағанды вагон қараушылары алды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, нақтырақ айтқанда, бірінші орынға 300 мың, екінші орынға 200 мың, үшінші орынға 100 мың және қалған орындарға 50 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді.  

Сонымен қатар арнайы марапат иеленгендер қатарында турнирді өткізуге қолдау көрсеткені үшін «Астананың футбол әлемі» ЖШС өкілі Павел Бобков Құрмет грамотасымен марапатталды. «Үздік ой ыншы» аталымы бойынша қарағандылық теміржолшы Дәурен Шомотов, астаналық Сәт Мәжен, қызылордалық Қайсар Сегізбай, екібастұздық Жомарт Сүлеев, атыраулық Жандос Нұрғалиев марапатталса, «Үздік шабуылшы» аталымы атыраулық Еркебұлан Бейбітұлына берілді. Дәстүрлі турнир келесі жылы Атырауда өтетін болады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті