Үздік үштік анықталды

Спорт
04.12.2025, 10:45
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей жүк тасымалы бөлімшесінде футбол біріншілігіне кезекті іріктеу ойындары өтті. Кәсіподақ қызметінің 120 жылдығы мен алдағы келе жатқан Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған сайысқа желі бойындағы әр мекемеден әуесқой футболшылар қатысып, өзара шеберлік сынасты.

Салалық кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған бәсеке әр мекемеден келген қызуқанды жанкүйерлердің қиқу қосуымен мейлінше тартысты әрі қызықты өтті. Айта кетерлігі, осыған дейінгі футбол додаларында да сан мәрте қарымта байқасып жүрген, бір-бірінің әдіс-айласына әбден қанық теміржолшылар жоғары деңгейдегі даярлықпен келгендіктерін көрсетті.  

Байқауға жалпы саны 9 команда қатысқан болатын. Барлығы да жасыл алаң төрінде өрнекті ойын көрсете білді. Десек те, финалға тек ұпай саны басым кіл мықтылар ғана жолдама алды.  

Осылайша, финалдық сайыста еш шаршамастан дүркін-дүркін шабуыл жасап, қарсыластарының қақпасын дәл көздей білген ӘТЖК Семей филиалының футболшылары бірінші орынды жеңіп алды. Ал Семей вагон пайдалану депосының ойыншылары екінші орынды еншілесе, жүлделі үшінші орынды Семей жол дистанциясының командасы иеленді.  

– Бұл үш команда да соңғы уақыттары үздік атанып жүрген әр біріншіліктің чемпиондары. Бабы басым болғандықтан да жүлделі орындарды өзара бөлісті. Ең маңыздысы теміржолшылар қауымына тамаша демалыс сыйлаған ерекше ойын болды, – дейді «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкова.    

Сайыс соңында барша жеңімпаз командалар салалық кәсіподақ ұйымы тарапынан әзірленген бағалы сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталып, үздік ойыншыларға арнайы дипломдар мен мақтау грамоталары табыс етілді.    

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда