Жыл садақшысы – Жаңаөзенде

Спорт
16.12.2025, 11:21
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жаңаөзен станциясында еңбек ететін Самал Зулпыхаровты Маңғыстау облысының Дәстүрлі садақ ату федерациясы «Үздік садақшы-2025» номинациясымен марапаттады.

Самалдың жыл бойғы жеткен жетістігінің қатары тағы бір марапатқа толықты. Дәстүрлі садақ ату спортына келгеніне көп болмаса да, атқан жебесі нысанаға дөп тиетін оның соңғы жылдардағы жетістігі мол. Атап айтсақ, 2023 жылы халықаралық жарыстың бірінші орынын, былтыр Азия чемпионатынан үшінші орынды еншілеген еді. Ел ішіндегі сайыстардан алған жүлделері бір бөлек. Биыл да қоржыны талай жеңіске толды.  

«Самұрық Қазына» АҚ компаниялары қызметкерлері арасында өткен садақ атуда бірінші, Қазақстан чемпионатында Орта Азия нысанасы бойынша бірінші, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған чемпионатта екінші, Сайөтес ауылының мерейтойына арналған сайыста бірінші, Жаңаөзен қаласының мешіттері ұйымдастырған жарыста бірінші орынды алды.  

Самал Зулпыхаров қашанда өзін жетілдіріп, спортты, салауатты өмір салтын бек ұстануының нәтижесінде барған байқауларынан бос қайтпай жүрген теміржолшы. Жебесі мен садағын асынып, қай жарысқа қатыспасын, алғашқы үштіктен түспей жүр. Көбіне бас жүлде еншісінде. Қазір ол Жаңаөзен станциясында станция кезекшісі. Түбек теміржолында он бір жылдан бері қызмет етіп келеді. Үздік садақшы енді «Спорт шебері» атағын да алып жатыр.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға