Қыс қызығы – «Кәсіподақ шаңғысы»

Спорт
04.02.2026, 14:30
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы Семей ЖТ бөлімшесі теміржолшылар үшін қысқы мезгілдегі спорт маусымы қызып тұр. Жуырда барша теміржолшылар қауымы бөлімшенің салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен «Кәсіподақ шаңғысы» атты қызықты сайыс додасын өткізді.  

Жалпы, «Локомотив» мұзайдынындағы коньки тебу, төбешіктен тюбингпен сырғанаудан бөлек шаңғы жолына шығу кеңінен жолға қойылған. Бұл жолы да қарағайлы орман ішіндегі шаңғы базасы аумағында керемет шаңғы сайысы өтті. Мақсат – шаңғы спортын насихаттау, салауатты өмір салтын қолдау, теміржолшыларды салалық кәсіподақтардың жұмысына тарту болатын.

Бұл күні спорттық шараға желі бойындағы теміржолшылар ғана емес, сала ардагерлері де арнайы қатысты. Жиналғандар алдында бөлімше басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділов, «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов сөз алып, лебіз білдірді. Сонымен қатар шара қонағы Абай облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қуаныш Сүлейменов жарыстың өтуін қолдап, барлық қатысушыларға жеңіл старт және адал бәсекелестік тіледі.

Сөз жоқ, қысқы шаңғы жарыстары – бұл тек спорт қана емес, сонымен қатар дене мен рух күшін арттыратын және табиғатпен үйлесімділікті сезіндіретін айрықша спорттық мереке. Сондықтан да болар, сайыс мейлінше қызықты өрбіді. Десек те, орман ішіндегі шаңғы жолына шыққандар арасында локомотившілер үздік шықты. Атап айтсақ, Маржан Абдикаримова, Әсет Аманғазинов, Кенжеәділ Алтынбеков және Алмас Манасбаев сынды қатысушылар жоғары көрсеткіштер көрсетті. Ал кәсіпқой спортшы, НЖС-6 техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Бегәділов көш басынан табылды.

Барлық жеңімпаздар кәсіподақ ұйымы тарапынан әзірленген ақшалай сыйлық пен мақтау қағаздарын иеленді.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда