Спорт комитеті құрылды

Спорт
09.02.2026, 18:35

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалында Спорт комитеті құрылды. Бұл туралы филиалдың баспасөз қызметі хабарлады.  

Комитет құрамына корпоративтік спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысатын филиалдың белсенді қызметкерлері енді. Спорт комитетінің төрағасы болып Магистральдық желі дирекциясы басшысының жабдықтау жөніндегі орынбасары Нұрлан Каримов тағайындалды. Ол – парашют спортынан спорт шеберлігіне кандидат, каратэден қара белбеу иегері, түрлі деңгейдегі турнирлердің жүлдегері.

Спорт комитетінің құрамында Тарифтік саясат департаментінің бас менеджері Әлібек Бейсенбаев та бар, ол футбол бағытына жауапты және «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасының жүлдегері. Сонымен қатар Инвестициялық жоспарлау департаментінің бас менеджері Руслан Қасымов, Қаржы департаментінің менеджері Жәнібек Маулетов  бар. Олар баскетбол бағытына жауапты. Жабдықтау департаментінің менеджері, «ҚТЖ» Спартакиадасының жүлдегері Бауыржан Самбетов, Экономика департаментінің бас менеджері Жанайым Оспанова волейбол бағытына жауапты. Инвестициялық жоспарлау департаментінің менеджері Асхат Канафин шахмат бағытына жауапты. Жүгірумен және экстремалды спорт түрлерімен айналысатын Жабдықтау департаментінің бас менеджері Айдос Ахмедин де осы құрамда. Жол және құрылыстар департаментінің менеджері Дана Ахмедова теннис бағытына жауапты. Бұл теміржолшылардың бәрі – түрлі Спартакиадалардың жүлдегерлері.    

Дирекция барлық қызметкерлерді Спорт комитетінің бастамаларын қолдауға, спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға және бірге белсенді, салауатты әрі ұйымшыл корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға шақырады.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда