Семей теміржолшылары коньки сайысын жаңғыртты

Спорт
16.02.2026, 15:43
Суретті тсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар қысқы спорт түрлерін дамытып қана қоймай, кейбір ойындарды қайта жаңғыртып жатыр. Жуырда «Локомотив» мұзайдынында бөлімше басшылығы бастамасымен коньки жарысынан ерекше сайыс өтті.  

Бүгінде Италия жерінде өтіп жатқан қысқы олимпиадалық ойындар, ел спортшыларының жетістіктері шығыстағы спортсүйер теміржолшыларды да қанаттандырды десек болады. Шараға жастар ғана емес, аға буын өкілдері, тіпті сала ардагерлері де жиналды. Жалпы саны 20-дан аса теміржолшы бақ сынаған, тұңғыш ұйымдастырылып отырған сайысқа филиал басшысы Алмас Сейсемқанов арнайы келіп ізгі тілегін білдірді.

Айта кетсек, семейліктер шаңғы жарысынан шебер, ұлттық компания бойынша алдына қара салдырмайды. Ал коньки сайысы араға ширек ғасырдан аса уақыт салып қайта оралып отыр. Ардагерлер қауымы бөлімше бойынша мұндай жарыстың соңғы рет қашан өткізілгенін естеріне түсіре алмады.

Қызу бәсеке жанкүйерлердің қиқу салуымен қызу басталды. Жүз метрлік қашықтыққа екі-екіден шықты, жастар мен ардагерлер өзара шеберлік сынасты. Қызық болғанда жастарға қарағанда 60 жастан асқан ардагерлер конькидің «құлағында» ойнайтын болып шықты. Жалпы, зейнет жасындағы байырғы сала қызметкерлері барлық спорттық шаралар бойынша жоғары белсенділік танытып жүргені белгілі. Нәтижесінде Владимир Радченко, Искак Узбаев, Жұмағали Жакупжанов жеңіс тұғырынан табылды. Сол тәрізді 40 жастан жоғарыдағылар арасында Еркін Қабышев, Руслан Әбікенов, Аманжол Аусыдықов, Мақсұт Түсіпбеков үздік шықты. Ал жастар арасынан Еркін Урунтаев, Дарын Рымғалиев, Ернат Сүлейменов қатарының алды атанды.

Сайыс соңында барлық жеңімпаздарды Семей филиалының директоры Алмас Ғылымұлы құттықтап, ақшалай сыйлық пен алғыс хат табыстады.

Бөлімшенің спорт нұсқаушысы Наталья Мешкованың айтуынша, басшылық пен теміржолшылар тарапынан алдағы уақытта хоккей ойындарын өткізу бойынша ұсыныс түсуде.

 

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда