Шаңғы жолындағы жарыс

Спорт
27.02.2026, 08:42
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар қысқы спорттық сайыстар бойынша өңірде ұйымдастырылып жатқан барлық бұқаралық іс-шараларға қатысып, ұлттық компанияның туын биіктен желбіретіп жүр.

Жуырда аймақтағы барлық мекемелер арасында шаңғы жарысынан «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» атты ұранмен біріншілік болып өтті. Жалпы саны 500-дің үстінде әуесқой және кәсіби шаңғышылар қатысқан жарыс жолына семейлік теміржолшылар да шықты. Қатысушылардың жас ерекшелігі 8 жастан 50 жасқа дейінгі аралықты қамтыған болатын.  

Спорттық доданың мақсаты – мекемелер мен ұжымдар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бүгінгі қоғамда терроризм мен экстремизмге қарсы ұстанымды қалыптастыру болатын. Жергілікті теміржолшылар қауымы осыған дейін бірнеше мәрте шаңғы сайысына қатысып, бабына келген болатын. Мәселен, 50 жастан жоғары санаттағы ерлер арасында өткен жарыста бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, желаяқ спортшы Нұрлан Бегадилов жүлделі екінші орынды иеленді.  

Жалпы, облыстың әр түкпірінен кіл мықтылар жиналған аталмыш сайыс барысында теміржолшылар береке-бірліктерін көрсетіп, ерекше белсенділік танытты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы тағайындалған дипломдар мен медальдар табысталды.  

 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты