Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті

Спорт
02.03.2026, 17:41
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жақында Бейнеу станциясындағы теміржолшылар тоғызқұмалақ пен қол күресінен жарыс өткізді. Спорт нұсқаушысы ұйымдастырған бұл сайысқа бейнеуліктерден бөлек Құрық портынан да қатысушылар келді.

Бейнеу теміржолшыларының спорт нұсқаушысы Бекзат Нұралиев білекті де жүректі жігіттерді жинаған қол күресі екі түрлі салмақ бойынша тартысқа толы, жоғары деңгейде өткенін айтты.  

– Бізде тепсе темір үзетін мықты жігіттер баршылық. Қыз-келіншектеріміз де осал емес, спортпен үнемі шұғылданатын, бір басы бірнеше спорт түрінен озат, барған жарысынан бос қайтпайтын нәзік жандар да аз емес. Бұл жолы ерлер қол күресі мен тоғызқұмалақтан сынға түсті. Жеңіске жеткен де, жетпеген де риза тамаша ойын болды, – дейді спорт нұсқаушысы.  

Жарыс қорытындысы бойынша қол күресінен 80 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқандар арасында Құрық портынан келген Мейрамбек Арқалықов бірінші орынды жеңіп алды. Бейнеу жол дистанциясының жолшылары Азамат Байжанов пен Сүндет Бердібай 2 және 3-орынды иемденді. 80+ келі салмақ дәрежесінде Бейнеу жол дистанциясының жолшысы Бекболат Дүйсеновке тең келер ешкім болмады. 2 және 3-орынға Бейнеу айналым депосының жігіттері Бақытжан Қожамұратов пен Ринат Орынбасар лайық деп танылды.  

Тоғызқұмалақ жарысында құмалақтарды ұяшықтарға үйлестіре бөлуден алдына жан салмаған Маңғыстау вагон пайдалану депосынан Нұржігіт Мәліков асқан шеберлігімен топ жарды. 2-орынды Жайлау Жалғасбаев алса, 3-орын Құрық портынан келген Серік Балтабайұлына бұйырды.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда