Үстел теннисі теміржолшыларға таңсық емес

Спорт
16.03.2026, 11:00
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Үстел теннисі аймақ теміржолшыларының арасында тым жиі, кәсіби деңгейде ойналатын футбол, волейбол, допты таяқ секілді болмаса да жиі өткізілетін спорттық жарыстың бірі. Оған жыл сайын қызығушылар саны артып келеді.  

Биылғы жоспарлы шаралар тізіміндегі жарыс ретінде белгіленген спорт сайысы облыстық теннис орталығында ұйымдастырылып, оған Қызылорда (Қазалы станциясынан бір ойыншы қатысып жеңісті иеленіп кетті) станциясындағы салалық мекемелерден «ЭЧ-25», «ТЧЭ-34», «НОРПОЖ», «НОД-10», «ДС Белкөл», «ДС Кызылорда» секілді құрама командалардан барлығы 13 спортшы қатысып, оның ішінде 9 ер адам және 4 қыз бақ сынады.

Қыздардың спортқа ден қойып, қызығушылық танытып қоймай әжептеуір бейнелі ойын өрнегін көрсетуі, аталған спорт түрінің ептеп-ептеп теміржолшылардың хобиына айналып келе жатқанын білдірсе керек. Бөлімшенің спорт секторы Бақытжан Имбергеновтың айтуынша теннис жарысы қызықты да тартысты өтті. Жарыс қатысушылары өздерінің шеберлігін сынға салып өзара жеңімпазды анықтады.

Б. Имбергеновтың айтуынша, әрбір ойыншы шарды қабылдау, шабуылдау және қорғаныс тактикасын тиімді пайдаланып, өз мүмкіндігін барынша көрсетуге тырысып бақты.

Нәтижесінде қатысушылар өзара мықтыны анықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бөлімше басшылығы мен кәсіподақ ұйымдары келісімімен теміржолшылар үшін спорт секторы тарапынан ұйымдастырлатын жарыстар теміржолшылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, ұжымдық бірліктің беки түсуіне зор үлес қосылатыны байқалады.

-Үстел теннисі аймақ теміржолшыларына таңсық емес. Көп жылдан бері спорттың осы түрінен ойын өткізіліп, теміржолшылардың қызығушылығы күн сайын артып келеді. «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының басшылығы мен мекеме кәсіподақ ұйымдары ұйымдастырған үстел теннисінен өткен жарыста 3-орынды Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Бақыт Иманалиев иеленді. Екінші орынды Қызылорда ЖТ бөлімшесінің инженері Талғат Сыздықов олжаласа, жүлделі 1-орынды Қазалы жол дистанциясының жолшысы Қайрат Денеев қанжығасына байлады, – дейді спорт секторы Бақытжан Имбергенов.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда