Тоғызқұмалақтан асық атуға дейін...

Спорт
20.03.2026, 08:23
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде семейлік теміржолшылар арасында ұлттық спорттық ойындар сайысын ұйымдастыру жылдан жылға жаңа арнаға ойысуда. Әсіресе биыл оған ерекше басымдық берілуде.

Ұлттық компания бойынша кеңінен қолға алынып отырған «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында «Ұлттық спорт» күні кең көлемде өткізілмек. Жоспарланып отырған іс-шаралар өте ауқымды.  

– Биылғы спорттық шара Семей теміржолындағы ұлттық ойындарды дамытудың кезекті бір белесі болғалы тұр. Себебі «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша кәсіподақ ұйымы ұйытқы болып отырған сайыстар теміржолшылар арасында тоғызқұмалақтан бастап асық атуға дейін қамтиды. Жүлделер қоры өте қомақты. Мақсат – Наурыз мейрамы қарсаңында қазақ халқының ұлттық ойындарын дәріптеу, төл мерекенің мәнін аша түсу болып отыр, – дейді «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкова.  

Айта кету керек, осыған дейін бөлімшенің «Локомотив» спорт клубы ұйымдастырған сайыстар тек салалық емес, облыстық көлемде өткен жарыстарға қатысып жүрген талай теміржолшыны танытты. Олардың қатарында ВЧД-23 вагон қараушылары Жомарт Болатов пен Мұрагер Қасымханов, НЖС-6 бөлімшесінен Мәди Нұртаев пен Мәдина Садықова, Семей станциясынан Салтанат Қайрамбаева, ПЧ-39 жолшылары Әділет Ахметжанов пен Аслан Толымбек және Айгерім Бұланбаева, Толқын Әшенова, ШЧ-29 мекемесінен Әділет Жақсылықов сынды ұлттық ойындардың бір шоғыр хас шеберлері бар. «Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалының қызметкері, облыстың чемпионы Айгерім Тоқпанованы ерекше атап өтуге болады. Олардың бәрі наурыздың 20 күні бөлімшеде өтетін ауқымды ұлттық ойындар кездесуінде бақ сынамақ. Ұсыныс бойынша теміржолшы қыз-келіншектер арасында кеңінен танымал «бес асық» ойыны да сайыс кестесіне енгізілген.  

Кәсіподақ ұйымы белсенділерінің айтуынша, алдағы уақытта бөлімше көлемінде ұлттық ойындарды дамытудың арнайы бағдарламасы әзірленбек. Оның ішіне садақ ату ойынын енгізу жайлы ұсыныс бар. Жалпы, алдағы уақытта бөлімше көлемінде көшпенділер ойынынан өнер көрсететін теміржолшылардан арнайы команда жасақталмақ.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда