Сенбі сайын сайыс

Спорт
13.04.2026, 17:12
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаменті компанияның спорттық-бұқаралық қызметін ұйымдастыру шеңберінде бірнеше спорт түрінен жарыс ұйымдастыруда. Ол алдыңғы сенбіде волейбол сайысынан басталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысты өткізудегі басты мақсат – ҚТЖ бойынша волейболдан биыл 27-30 сәуір аралығында өтетін республикалық чемпионатқа Астанадан қатысатын құрама команданың ең үздік ойыншыларын іріктеу. Компанияның бас ғимаратындағы спорт залда өткен жарыс өте тартысты болды. Барлығы 6 команда – Магистральдық желі дирекциясы, Астана станциясы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, Бас есептеу орталығы, Қазтеміртранс және ЦД командаларының ешқайсысы да осалдық танытпады. Нәтижесінде 1-орынды Магистральдық желі дирекциясы командасы иеленсе, 2-орын Астана станциясына және 3-орын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС командасына берілді. Жүлдегерлер жарыстың арнайы дипломы, кубогы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Ал өткен аптада асық ату мен тоғызқұмалақтан іріктеу туры өтті. Оның нәтижесінде 1-орынды – ЛЖС, 2-орынды – ЦЖС, 3-орынды ЦД алса, бес асықтан 1-орын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкері Гаухар Нарымбаеваға, 2-орын – Гүлзада Тұрғалиеваға (ЦДИП), 3-орын Жадыра Айтеноваға (ЦЖС) берілді. Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында 1-орынды Астана станциясының қызметкері Айнұр Ғаббас алса, ерлер арасында 1-орынды осы станциядан Самит Еркiн иеленді.  

Алдағы сенбіде асық ату мен тоғызқұмалақтан, одан кейінгі аптада арқан тарту, шахмат және армрестлингтен жарыс өтеді деп күтілуде.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды