25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

«Толағай» – отбасылық сайыс

Спорт
01.05.2026, 10:41
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау электрмен жабдықтау дистанциясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мен 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні құрметіне «Толағай» атты отбасылық сайыс өткізілді.

Теміржолшылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылатын спортты дамыту мақсатында кәсіподақ тарапынан ұйымдастырылған іс-шараға дистанция жұмысшылары мен қызметкерлер отбасы, бала-шағасымен қатысты. Дистанцияның аймақтардағы аудандық желілері: Атырау, Мақат, Аққыстау, Ганюшкино, АУР, ЭЧЦ, Құлсары, Боранқұл, Сағыз, РРУ, мехцех – барлығы 9 мекеме сайысқа бір-бір отбасыны таңдап, бәйгеге қосты.  

Қатысушылар жеребе арқылы 3 командаға біріктіріліп, ойын басталмас бұрын кәсіподақ төрағасының орынбасары А.Төлеген ойын түрлерімен, ережесімен және тәртібімен таныстырып өтті. Барлығы тоғыз түрлі ойын түрлері бойынша сайысқа түскен командалардың осалы болған жоқ, бір-біріне дес бермей әкесі де, анасы да, баласы да тек жеңіске ұтылған сайыс аса қызықты, шулы да тартысты өткені соншалықты, жанкүйерлердің дауысы қазылар алқасын да естіртпей жатты.  

Баскетболшы, волейболшы, хоккейші образына кіріп, теннис ойнап, шеңбермен өнер көрсетіп, жіппен секіріп, қаппен жүгіріп, ептілік пен шеберліктің сан үлгісін көрсеткен командалар ең соңында арқан тартысқа кірісті.  

– Бір мекемеде еңбек етсе де станцияларда шашылып орналасқан желілік аудандарда еңбек ететін жұмысшылар бас қосып, командалық рух мен отбасы, атаана құндылығын, достық пен өзара сыйластық сынды қадір-қасиеттер алға шыққан бүгінгідей іс-шаралардың орны бөлек. Мерекелік көңіл күйде бәріміз бір серпіліп қалдық. Барлық қатысушыларға да, ұйымдастырушыларға да алғыс айтамын, – деді Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Б. Досжанов.  

Оза шауып бәйге алған командалар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Махметова болашақта тау көтерер толағайлар болатын командалардың ең жас ойыншылары – балаларға сыйлық таратты.  

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде