Теміржолшылардың марафоны: бірінші бол!

Спорт
01.10.2019, 15:25
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Салауатты өмір салтын насихаттап, өз қызметкерлерінің денсаулығына аса зор мән беретін Қазақстан темір жолы алғаш рет «ҚТЖ Марафон — өзгерістерге бастар Жақсылық. Бірінші болып қатыс!» деген ұранмен ауқымды спорттық шара ұйымдастырды.

Өткен сенбіде Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон-паркке жиналған 350-ге жуық теміржолшы 2, 5, 10 және 21 км қашықтықтар бойынша жүгіруден жарысқа түсті. Таңғы 7.30-да паркке жиналған марафоншылар қатарында 29 отбасы, 9 ардагер теміржолшы болғанын атап өту керек. Маңызды спорттық шараны ашқан «ҚТЖ» ҰК" АҚ басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов жарысқа қатысушыларға жеңіс тіледі.

Спорттық шара барысында түрлі шаралар — әр марафоншыға берілген сандар бойынша лотереялық ұтыстық ойындар өткізіліп, жанкүйер болып келген ең кішкентай қатысушылар үшін аква-грим, аниматорлар қызмет көрсетіп, ашық аспан астында би кеші ұйымдастырылды. Со- нымен қатар әлеуметтік желі қолданушылар үшін фото-аймақ қойылды.

Сонымен фитнес жаттықты- рушылар марафоншыларды жүгіруге дайындайтын жаттығулар көрсетіп, нұсқаулық берген соң алдымен тек қана ардагер темір- жолшылардан құралған 9 адамдық марафоншылар 2 км дистанцияға жүгіруді бастап кетті. Одан кейін қалған шақырымдар бойынша марафоншылар жарысы бастал- ды. Бір айта кетерлігі, компания басшылығы атынан келген Серік

Әбденов те осы марафоншы- лар арасынан табылып, 21 км дистанцияға жүгіруге қатысты. Сондай-ақ ол өз жас категори- ясы бойынша 2-орын иеленді. Әрбір шақырым бойынша мара- фоншыларды теміржолшылар арасынан құралған еріктілер тобы жол бойы қадағалап, ма- рафон шарттарына сай жүгіруін бақылады және денсаулығына бай- ланысты қиындықтар туындама- уын қарап жүрді. Қатысушыларға қазақстандық танымал марафон- шылар, спорттың түр-түрінен шеберлер, әрі чемпиондар Марат Жыланбаев, Болат Жұмаділов, Ме- рей Ақшалов қазылық етті.

Ардагерлер жарысынан Жұма- ғайша Ақбергенова әйелдер арасында бірінші орын алды. Теміржолдың бай- ланыс саласында 42 жыл еңбек еткен ол 69 жаста болса да спортпен тұрақты айналысқандықтан тың екенін байқатты. Ал осы қашықтықта ерлер арасында бірін- ші орын алған Леонид Антонов — 73 жаста, 22 жыл электро- монтер болып еңбек еткен.

Одан әрі 5 км қашықтықта жүгіріп, 18-29 жас аралығындағы әйел ма- рафоншылар арасынан қара үзген Жұпар Төлеубекова Семейде «Транс- телеком» мекемесінде еңбек етеді екен, осы жас аралығында ерлер арасында чемпион болған Әділет Қаныбетов — Қызылорда локомотив депосының машинист көмекшісі. Ал осы 5 км қашықтықта 30-39 жас аралығында әйелдер арасы- нан 1 орынды Меруерт Уақпаева алса, ерлер ортасынан атыраулық жол монтері Жалғас Нугамилин жеңімпаз болды. Осы қашықтықта 40-49 жас аралығында әйелдер арасынан жарыс жеңімпазы Алмагүл Шүйіншалина компанияның ІТ департаментінде 19 жылдан бері еңбек етеді. Осы қашықтықта 50-59 жас аралығында әйелдер арасында 1-орын алған Татьяна Новикова болса Ақтөбеде АСУ ДС сектор бастығы, 32 жыл еңбек өтілі бар. Осы жастағылар бойынша ерлер арасында жеңімпаз болып Қайрат Ысқақов танылды.

10 км қашықтықта да 18-29 жас арасынан Лаура Әбішова мен ақтөбелік Жасұлан Баймағамбетов озып шықса, 30-39 жас аралығында Әсел Жұмабай мен Артем Рябоволов жеңімпаз атанды. 40-49 жас аралығында Қарлығаш Әбденова мен қарағандылық машинист Ни- колай Ениченко, 50-59 жас бойынша Елубай Орынғазинов жүлдегер болды.

21 км қашықтықта жастар арасында Нұрлыбек Сымат, орта жастағылар ортасынан «Қазтеміртранс» компаниясының бас менеджері Әділет Бақытұлы, қырықтан асқандар арасы- нан Руслан Молдағалиев озып шықты. Сонымен қатар 60 жастан жоғарылар арасында Алматыдан арнайы келіп қатысқан Айтқалы Орынбасаров ақсақал жүлдеге ие болды. Соңғы қашықтық бойынша жеңімпаздарға демеуші спорттық клуб атынан бір айға жаттығу залына тегін сертификат берілді.

Барлық 1,2,3 орын жүлдегерлері арнайы Диплом және бағалы сый- лықтармен марапатталды.

Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті