"Қазкөліккәсіп-2021" турнирінің шағын-футболдан іріктеу ойындары өтті

Спорт
13.07.2021, 13:22
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Сексеуіл мен Қазалы станциясындағы мекемелердің құрама командалары арасында «Теміржолшылардың футбол лигасы Кубогының «Қазкөліккәсіп-2021» турнирінің шағын-футболдан іріктеу ойындары өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, олардың ұжымаралық ынтымағын нығайту мақсатында өткізілген шағын-футбол турниріне Сексеуілден алты құрама, Қазалы станциясынан алты команда қатысып, өзара бақ сынады. Командалардың жеңіске жетуге ұмтылған жігері мен өзара ымыраласа әрекет етіп, қарсыластарының осал жерін аңдып, қақпаға доп енгізуге ұмтылуы ұжымдық ойын саналатын футболдың көрігін қыздырып, көрермендердің делебесін қоздырды. Команда ойыншыларының аптап ыстықта алаөкпе болмауын ойластырған ұйымдастырушылар ойын кестесін таңертеңгілік салқында өткізді. – Теміржолшылар арасында өткізілетін мини-футбол турнирінің іріктеу кезеңін бөлімшенің солтүстігіндегі бекеттерден бастадық. Турнир «Теміржолшылардың футбол лигасының «Қазкөліккәсіп-2021» кубогын сарапқа салу үшін өткізілуде. Сексеуіл мен Қазалы станциясында жеңіске жеткен құрама командалар алдағы күндерде Қызылордада өткізілетін жарысқа жолдама алды, іріктеу турының жеңімпазы атанып, жарыс жолын жалғастыратын болады,– деген шараны ұйымдастырушы «Қазкөліккәсіп» ҚБ аймақтық филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов, турнир барысында қауіпсіздік шараларына мән беріп, ойын талабының сақталғанын ескертті. Шиеленісті ойын шебер ойыншыларды да анықтады. «ӘТЖК» құрамасының ойыншысы Айғара Жанаман үздік қорғаушы, «ПЧ-60» командасының ойыншысы Кенжебек Қосмамбетов үздік шабуылшы, «ТД-23» құрамасының ойыншысы Сарманов Нұрғиса үздік ойыншы, ШЧ-40» командасынан Жақсыбек Байжанов үздік қақпашы номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлықтар мен грамоталар иеленді. – Жалпы құрама командалардың дайындығы жақсы. Карантин шараларына байланысты мәдени-көпшілік шараларына шектеу жасалғанмен біздің теміржолшылар кәнігі спортшылардай әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Сексеуіл станциясында өткен турда Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының «ЭЧ-26» құрамасы 1-орын, «ДС Сексеуіл» командасы 2-орын, «Локомотив» құрамасы 3-орын иеленсе, Қазалы станциясында жалғасқан доп додасында бірінші орынды «ТД-23» командасы, екінші орынды «Локомотив» командасы, үшінші орынды «ШЧ-40» құрама командалары иеленді,– деді спорт секторы Бақытжан Имбергенов. Жүлделі орын алған«ТД-23» және «ЭЧ-26» құрама командаларына мекемелердің кәсіподақ ұйымы атынан кіші кубок пен бағалы сыйлықтар беріліп, алдағы додада сәттілік тіледі.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда