Жолдама - қызылордалық машинистер командасында

Спорт
21.07.2021, 10:51
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордада теміржолшылар арасындағы «Қазкөліккәсіп-2021» шағын футбол лигасының кезекті іріктеу туры өтті. Оған салалық бөлімшенің сегіз тораптық құрамасы қатысып, өзара ойын нәтижесінде үздік команда анықталды. Турнирдің ашылу салтанатында әріптес- теріне қызықты да қауіпсіз ойын өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған бөлімше басшылығы мен кәсіподақ өкілдері қатысушыларға сәттілік тіледі. – Қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты спорттық іс-шаралар мен жарыстар бұған дейін онлайн форматпен өткізіліп келген болатын. Енді «Қазкөліккәсіп» ҚБ басшылығының рұқсатымен бүгінгі футбол ойыны ұйымдастырылуда. Және де салауатты өмір салтын қатаң ұстанып, алдағы күндерде өткізілетін мәдени көпшілік, бұқаралық спорт түрлерінен өтетін жарыстарға белсене қатысуға шақырамын. Турнирде жеңіске жетіп, Тараз қаласында өтетін аймақтық ойын жолдамасына ие болуға барлық команданың мүмкіндігі бар, сәттілік тілеймін, – деді «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов. Шілденің аптап ыстығына қарамастан жұмыс формаларын спорт жейдесімен алмастырып ойын алаңына шыққан теміржолшылардың ойыны тартысты да қызықты өтті. Әрине, барлық команда тырысып баққанымен, жалғыз жолдаманы иелену оңай болмады. Кейде командаларға өзара түсінісу, пас берудегі шеберлік жетпей жатса, кейде дайындықтың төмендігі де байқалып тұрды, дегенмен қарсыластарының осал тұсын дөп тауып, шеберліктерімен ерекшеленген команданың бағы мен бәсі жоғары екенін де анықталды. Ойын нәтижесінде «ТД-23» құрамасынан Еркебұлан Дүйсекеев үздік шабуылшы, «НОДГП» қомандысының ойыншысы Айбек Айшықов үздік қорғаушы, «НЖС» құрамасынан Роман Киняев үздік қақпашы, «ТД-23» құрамасынан Нұрғиса Сарменов үздік қорғаушы аталымымен ерекшеленіп құрметке бөленді. Дүбірлі додада қарсыластарын ұпай санымен айқын басымдықпен жеңген қазалылық «ТД-23» құрамасы үшінші орын, Сексеуілден келген «ЭЧ-26» командасы жүлделі екінші орынды қанжығаларына байласа, турнирдің жалғыз жолдамасымен бірінші орынды Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ» командасы еншілеп, алдағы күндерде оңтүстік аймақ құрамаларының Тараз қаласында өтетін футбол додасына баратыны айқындалды. Ойыншыларға кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар мен кубок және дипломдар табысталды.

Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі